“Осыдан жарты ғасыр бұрын, кезінде жоғары техникалық оқу орны атанған осы университетті бітіріп, өндіріске жолдама алған түлектердің қатарында өзімнің де болғанымды мен әрдәйым зор мақтаныш сезіммен еске алып жүремін.”

Н. Ә. Назарбаев

Ректордың блогы

Қарағанды мемлекеттік индустриялық университеті – тау-кен және металлургия саласына арналған жоғары білікті кадрлард...

Толығырақ »

Жаңалықтар

Архив

Конференциялар

Архив

Материалды-техникалық базасы

Металлургия мамандығы бойынша оқу үрдісін жүзеге асыруға арналған оқу алаңы толығымен ҚР МЖСБ 5.03.009-2006 – «Қазақстан Республикасының білім жүйесі. Жоғарғы оқу орындарының оқу материалды активтері. Жалпы қағидалар» белгіленген нормативті көрсеткіштер, тазалықты және өртке қарсы нормалар талабына толық сәйкес келеді.

«МжМ» кафедрасының «МжМТ» секциясындағы заманауи жабдықтар («Leica» оптикалық микроскоп, тозу және үйкелісті сынауға арналған машина) курстық және дипломдық жұмысты орындау кезінде қара және түсті металдар және қортпалардың қасиетін және құрылымын зерттеу үшін қолданылады.

Кафедраның оқу зертханаларында қара және түсті металдарды термиялық өңдеу және балқытуға арналған жабдықтар, сыйымдылығы 150кг индукционды пеш, таман пеші, СУОЛ шахталы пеш, СНОЛ пеші бар.

«МиМ» кафедрасының «Металлургия» секциясы толығымен зертханалық базамен жабдықталған, жеке оқу-зертханалық корпусы және қара және түсті металдар металлургиясы және химиялық талдауға арналған арнайы мамандандырылған зертханалары бар.

Кафедра зертханаларында стандартты және стандартты емес қондырғылар, металлургиялық үрдістерді салқындай және ыстықтай моделдеу қондырғылары, бақылау-өлшеу аппаратуралары қолданылады, олар металлургиялық үрдістерді сынауға және сенімді нәтижелерді анықтауға мүмкіндік береді. Мысалы, СНОЛ құбырлы түрлі пеші, индукционды пеш, доғалы пеш, Тамман пеші. Олардың барлығы қосымша қондырғылар және өлшеу құрылғылармен жабдықталған. Кафедрада жаңа қондырғылар және жабдықтар орнатылған: унифицирленген тамман пеші, артылай өндірісті ИСТ-400 индукционды пеш, автоматтандырылған басқарылатын газды хроматограф, автоматтандырылған токарлы станок, камералы пеш және т.б. өлшеу аппараттары.

Жоғарыда аталған жабдықтардың барлығы тек ғана «Металлургия» мамандығы бакалавриат бойыншаоқу үрдісінде ғана қолданылмайды, сонымен бірге магистрлік тақырыптар бойынша зертхъаналық эесперименттерді, мембюджеттік ҒЗЖ, тәуекелді жобалар, фундаменталды зерттеу саласында жобаларды жасау үшін де қолданылады.

кафедраның «Металлургия» секциясы

Кафедраның материалды-техникалық базасы – Қазақстан және Ресейдегі осы салада жұмыс жасайтын кафедралардың ішіндегі ең үздігі сан,алады. Көптеген зертханалық өндірістік қондырғылар арасында балқыту агрегаттары және қондырғылары, дисперсті шикізатты қалпына келтіруге арналған пилотты қондырғылар, концентраттарды айналымды жасыту, кесектерді жасау, кесектелген шикізат сапасын зерттеуге арналған қондырғылар; кенді-термиялық, индукционды және т.б. пештер, камералы, электрі және тамман пеші, доменді пештің «салқынды» моделі, конвертерлер, металды құюды моделдеу кешендері және «ыстықтай» моделдеу қондырғысы – оттекті конвертер және металлургиялық үрдістер теориясын және технологиясын зерттеуге арналған т.б. қондырғылар қолданылады.

Кафедра құрамында балқыту залы, металлургиялық шекті өнімдер және шикізаттарды техникалық сараптау зертханасы бар.

Кафедрада көптеген еліміздің (К.И. Сатпаев атын. ҚАзҰТУ,  Ж.Абишев атын. ХМИ), Ресейлік (ҒЗТУ МБҚИ, УралМТУ, ЧМТУ, МГМА) және шетелдік  RWTH (Аахен, Германия), Bergakademie – Freiberg (Германия), Шығыс-Словендік ТУ (Кошице, Словения) жетекші жоғарғы оқу орындары және ғалымдармен өзара тығыз қарым қатынас орнатылған.

 

Кафедра студенттерінің барлық өндірістік іс-тәжірибелері еліміздің металлургиялық кешенінің жетекші кәсіпорындарында өтеді, мысалы «АрселорМиттал Теміртау», АҚ, «Қазақмыс Корпорациясы» ЖШС, «ТҒК Қазхром», «Жезказганцветмет» АҚ және т.б. университет түлектері осы кәсіпорындарда оқуларын бітіргеннен кейін жұмысқа орналастырылады.

Кафедраның «Материалтану» секциясы

Секцияның материалды-техникалық базасының құрамында 14 мамандандырылған оқу зертханалары, бөлмелері, дәрісханаларыбар, онда барлық қажетті жабдықтар, көрнекті құралдар, инструменттер  орнатылған. Оның ішінде заманауи жабдықтар және бірегей қондырғылар: ДРОН-6 рентгенді дифрактометр, LEICA оптикалық микроскоп-қаттылықты өлшегіш, ИА 5073-10 штампталуды сынауға арналған машина және құралдар, ИХ 5111 июмен иілуді сынау машинасы,  2168 УМТ тозу және үйкелісті сынау машинасы, қаттылықты өлшейтін құрылғы, ПС-3 соққымен бүлінуді сынау құрылғысы.