“Осыдан жарты ғасыр бұрын, кезінде жоғары техникалық оқу орны атанған осы университетті бітіріп, өндіріске жолдама алған түлектердің қатарында өзімнің де болғанымды мен әрдәйым зор мақтаныш сезіммен еске алып жүремін.”

Н. Ә. Назарбаев

Ректордың блогы

Қарағанды индустриялық университеті – тау-кен және металлургия саласына арналған жоғары білікті кадрларды дайындау б...

Толығырақ »

Жаңалықтар

Архив

Конференциялар

Архив

Кафедра туралы

«Құрылыс» кафедрасы 1969 жылдан «ҚазМетраллургқұрылыс» тресті негізінде құрылды және «Өнеркәсіптік және азаматтық құрылыс» болып аталды. 1969-1974 жылдар аралығында кафедра меңгерушісі т.ғ.к., доцент Устинов Б.С. болды. 1970 жылы инженерлік-құрылыс факультеті құрылды және кафедра ЖТОО-зауытының дербес бірлігі болды.

1975 жылы кафедраның өркендеуіне байланысты кафедра «Құрылыс өндірісінің архитектурасы және технологиясы», «Құрылыс құрылымдары» болып өзіндік бөлімдеріне бөлінді, 1980 жылы «Құрылыс механикасы» кафедрасы ұйымдастырылды. Барлық үш кафедра «Өнеркәсіптік және азаматтық құрылыс» мамандығы бойынша жыл сайын 200-ден астам жас мамандарды дайындап шығарды.

1996 жылы құрылыс кафедралары «Өнеркәсіптік, және азаматтық құрылыс» деп бір атауға біріктірілді, ал 1999 жылы оған «Экология» бөлімі қосылды.

2007 жылдан бастап «Экология» бөлімі бөлініп, кафедра 2010 жылға дейін «Өнеркәсіптік, азаматтық құрылыс» деп аталды. 2010 жылы «Өнеркәсіптік жылуэнергетика және металлургиялық жылутехника» кафедрасының бірігуіне байланысты т.ғ.д. профессор Базаров Бауыржан Анурханович басқаруымен «Құрылыс және жылуэнергетика» кафедрасы деп атала бастады.

2001 жылдан бастап кафедрада «Құрылыс» мамандығы бойынша магистартура ашылды.

Кафедраның 50 жыл бойы уақыты ішінде 4000-нан астам инженер-құрылысшы, құрылыс бакалаврлары және 700-ге жуық техника және технология бакалаврлары дайындалды.

«ӨАҚжЭ» кафедрасы негізінде 1997 жылы алғаш рет Қазақстан Республикасында Қазақ Ұлттық геотехникалық ассоциациясы құрылды, оған ҚР әр түрлі ұйымдарынан және ЖОО-нан 70-тен астам мамандары енген. Қазіргі таңда Л.Н.Гумилев атындағы ЕҰУ-де жұмыс істеуде.

2001 жылы ҚМИУ негізінде «Құрылыс өндірісінің ғылыми-зерттеу институты» (ҚӨҒЗИ) деп аталатын бөлімше құрылды. ҚӨҒЗИ директоры ретінде т.ғ.д., профессор Филатов А.В. тағайындалды.

«Негіздер мен іргетастар» мамандығында бойынша кандидаттық диссертацияларды қорғаудағы бойынша К14.31.05 диссертациялық кеңестің кафедра негізінде құрылуы ғылымға үлкен үлес қосу болды (26.02.98 жылдың № 52-1 Қазақстан ДАНК бұйрығымен бекітілген). Оның төрағасы болып т.ғ.д. профессоры Жусупбеков А.Ж тағайындалды. 1998 жылдан 2001 жыл аралығында кандидаттық диссертацияларын Жапония, Түркия, Камбоджа азаматтарын қосқанда 14 ізденуші қорғады.

1974 жылдан қазіргі уақытқа дейiнгі кафедра меңгерушілері:


Сапар А.Ж., Нуртазаева К.К., Кузьмичев С.С., Абдиюсупов А. Г., Коенен Е.В., Калданова Б.О., Касенова А.Н.
Бозшалова Л.Т., Базаров Б.А., Конакбаева А.Н., Мезенцева А.В.