“Осыдан жарты ғасыр бұрын, кезінде жоғары техникалық оқу орны атанған осы университетті бітіріп, өндіріске жолдама алған түлектердің қатарында өзімнің де болғанымды мен әрдәйым зор мақтаныш сезіммен еске алып жүремін.”

Н. Ә. Назарбаев

Ректордың блогы

Қарағанды мемлекеттік индустриялық университеті – тау-кен және металлургия саласына арналған жоғары білікті кадрлард...

Толығырақ »

Жаңалықтар

Архив

Конференциялар

Архив

Энергия аудиті, энергия үнемдеу және энергия тиімділігі, энергия менеджменті жүйесін құру, енгізу және ұйымдастыру

Практические занятия с тепловизором

 

«Жылувизор» құрылғысымен өткізілетін практикалық сабақ

ҚР Үкіметінің 11.09.12 ж №1179 Қаулысы және Индустрия және жаңа технология министрлігінің 13.01.2013ж «Энергияны үнемдеу және энергия тиімділігі жайлы Заңына» сәйкес Қарағанды мемлекеттік индустриялық университеті «Энергия аудитін және (немесе( энергия үнемдеу және энергия тиімділігін арттыру сараптамасын жүзеге асыратын кадрларды қайта даярлау және олардың біліктілігін арттыру, сондай-ақ энергия менеджменті жүйесін құру енгізу және ұйымдастыру» жөніндегі оқу орталықтарының тізіміне енгізілді.

Анализатор количества и качества электроэнергии в сети

Желістегі электрэнергия сапасын және мөлшерін анықтайтын құрылғы анализатор

Осы аталған Қаулыға сәйкес ҚМИУ жанындағы «Энергия аудиті және (немесе) және энергия менеджменті жүйесін жоғарлататуға» арналған Оқу орталығы мына бағыттар бойынша оқытуды жүзеге асырады:

  • энергия аудиті: энергия аудиті бағыты бойынша қайта даярлау не біліктілігін арттыру курсына техникалық және кәсіби деңгейден төмен емес техникалық мамандықтар бойынша білімі бар жеке тұлғалар оқуға қабылданады.
  • энергия үнемдеу және энергия тиімділігін арттыру сараптамасы: энергия үнемдеу және энергия тиімділігін арттыру сараптамасын жүзеге асыратын кадрларды қайта даярлау және олардың біліктілігін арттыру курсына техникалық және кәсіби деңгейден төмен емес құрылыс және қалақұрылысы, архитектура және (не) энергетика саласында техникалық мамандықтар бойынша білімі бар жеке тұлғалар оқуға қабылданады.
  • энергия менеджменті: энергия менеджменті бағыты бойынша кадрларды қайта даярлау және олардың біліктілігін арттыру курсына техникалық және кәсіби деңгейден төмен емес, техникалық не экономикалық мамандықтар бойынша білімі бар жеке тұлғалар оқуға қабылданады.

Оқу ұзақтығы: қайта даярлау бойынша – 250 сағат; біліктілігін арттыру бойынша – 120 сағат.

Оқыту жалпы топтағы адам саны 4 кем болмаған кезде өткізіледі. Оқыту ҚР БҒМ және ИжЖТМ біріккен бұйрығымен бекітілген «Энергия аудитін және (немесе) энергия үнемдеу және энергия тиімділігін арттыру сараптамасын жүзеге асыратын кадрларды қайта даярлау және олардың біліктілігін арттыру, сондай-ақ энергия менеджменті жүйесін құру енгізу және ұйымдастыруға арналған Үлгілік оқу бағдарламасына» сәйкес жүзеге асырылады.

Оқытуды университеттің жоғары білікті (доктор және ғылым кандидатары) мамандары және оқытудың таңдап алынған бағыты біліктілігі сәйкес келетін мамандар сыртан шақырылады.

Оқу аяқталғаннан кейін ҚР Үкіметінің №1176 Қаулысының 1 Қосымшасына сәйкес белгіленген үлгідегі сертификат беріледі.

Біздің мекен-жайымыз: 101400, Қарағанды облысы, Теміртау қ., Республика даңғылы, 30.

E-mail:info@kgiu.kz   

Сайт: www.kgiu.kz.

Оқу бойынша барлық анықтаманы мына телефондар бойынша алуға болады:

8(7213)914266, 8(7213)907904 (120), 87057057534.