“Осыдан жарты ғасыр бұрын, кезінде жоғары техникалық оқу орны атанған осы университетті бітіріп, өндіріске жолдама алған түлектердің қатарында өзімнің де болғанымды мен әрдәйым зор мақтаныш сезіммен еске алып жүремін.”

Н. Ә. Назарбаев

Ректордың блогы

Қарағанды мемлекеттік индустриялық университеті – тау-кен және металлургия саласына арналған жоғары білікті кадрлард...

Толығырақ »

Жаңалықтар

Архив

Конференциялар

Архив

Архив:

Тарау таңдап алу:

Все сделанные на сайте записи одним потоком: көшу →


ҚМИУ Жайдарман құрамасы Сочидегі 30 – шы халықаралық фестивальда тамаша нәтиже көрсетті!

 

Сочидегі КВН-ның көптен күткен дебюті өтті, онда біздің Квнщиктер тамаша нәтиже көрсетті: қазылар алқасы олардың өнерін бағалады және жоғары ұпай берді! Бұл мүмкіндік 600 команда арасында Орталық лиганың ойындарына қатысуға мүмкіншілік береді.

Өңірлік ешкімге белгісіз команда үшін – бұл өте жарқын нәтиже. Тәжірибелі жайдарманшылардың айтуынша, бұл орасан зор жетістік!

Сочи фестивалінің сахнасында өнер көрсетпес бұрын біздің студенттер атақты жайдарманшылардың мастер-класстарына қатысып, КВН тусовкаларының, репетициялардың, толқулардың ұмытылмас атмосферасына үңілді.

Төрешілер біздің жайдарманшылардың ерекше әзілдерін, ойыншылардың реңін және көпұлтты екенін атап өтті (біздің командада 3 корей, 3 қазақ, 1 орыс). Әсіресе біздің егіздеріміз: Дарина мен Мәдина Накуповалар есте қалды.

Алдағы уақытта біздің студеттенр Орталық лигада ойнайтын болады! Біз оларға жеңіс пен табыс тілейміз!

ҚМИУ баспасөз қызметі

 


Студенты КГИУ приняли участие во встрече на тему: «Религии за безопасный мир ХХI века»

 

16.10.2018, 16:36:34, Әкімшілік, көшу → Тараулар: Жаңалықтар, Студенты

КВН «ЕРТІС» ӨҢІРІЛІК ЛИГА ЧЕМПИОНАТЫНЫҢ ЖАРТЫЛАЙ ФИНАЛЫНДА ҚМИУ ҚҰРАМАСЫ ЖЕҢІСКЕ ЖЕТТІ

 

2018 жылы 7 қазан күні Павлодар қ. Естай атын. Мәдениет сарайында КВН «Ертіс» өңірілік лига чемпионатының жартылай финалы өткізілді. ҚМИУ «Джанлуиджи Магнитоffon» құрама командасы 1 орынды жеңіп алып «Ертіс» лигасының финалына жолдама алды, «Ертіс» лигасы бес жыл бойы ресми халықаралық «АМИК» КВН одағының мүшесі.

КВН соншалықты қызықты, жарқын, әрбір миниатюрадағы әзіл-қалжыңға павлодарлық көрермендер ду қол шапалақпен қошемет көрсетті.

Жюри жастар шығармашылығына оң баға берді, Қарағанды қ. KIDSTV КВН «Такие разные» командасы 2 орынды, Астана қ. «Сафари» командасы 3 орынды жеңіп алды.

Біздің команда жақсы нәтиже көрсетті, біз шын жүректен команданы жеңістерімен құттықтаймыз, көп сергек және жақсы әзілдер, әрі қарай да табыс тілейміз, шығармашылық әлеуеттері сарқылмасын.

ҚМИУ баспасөз қызметі

 


ҚМИУ-да қылмыстық құқық бұзушылықтардың онлайн-карта жұмысы бойынша таныстыру семинары өтті

 

3 қазан 2018 ж. Теміртау қаласы бойынша құқықтық статистика және арнайы есепке алу Комитетінің прокуроры Батталова Гүлмира Серікқызы тәрбие ісі және жастар саясаты Департаментінің директоры Салпенова Мадина Мейрамқызымен бірлесіп ҚМИУ-дың күндізгі бөлім студенттері үшін «Қылмыстық құқық бұзушылықтар картасы», «Кәмелетке толмағандар жасаған қылмыстық құқық бұзушылықтар картасы», «Кәмелетке толмағандарға қатысты сексуалдық сипаттағы зорлық-зомбылық әрекеттерін жасаған адамдардың карталары» және «Апаттылық картасы» деректер базасы жұмысы бойынша таныстыру семинар өткізді.

Семинар барысында Г.С. Батталованың сөзінен студенттер Қазақстан Республикасы Президенті Н.Ә. Назарбаевтың «Ұлт жоспары – 100 нақты қадам» бағдарламасының 32-ші қадамы «Қылмыстық құқық бұзушылықтар картасы» ұлттық ақпараттық жүйесінің негізінде «Қылмыстық құқық бұзушылықтар картасы» интернет-порталын құру болып табылатыны туралы білді. Картада елде жасалатын барлық қылмыстық құқық бұзушылықтар, олардың жасалған орындары мен жағдайлары көрсетіледі. Карта «online» режимінде жұмыс істейді.

Картаның бірегейлігі – бұл сотқа дейінгі тергеудің Бірыңғай тізілім базасымен ықпалдастырылған және соның арқасында қылмыстық құқық бұзушылық туралы ақпарат полицияда арызы тіркелгеннен кейін автоматты түрде Карточкада дереу пайда болады.

«Орнын, уақытын және қылмыс түрін, сондай-ақ қылмыс жасаған адамдар туралы барлық ақпаратты көруге болады. Сондай-ақ, аймақтағы қылмыс динамикасы көрсетіледі. Адамдар ауданның қаншалықты қылмысты екенін біле алады, аудандарды, көшелерді немесе үйлерді бір-бірімен салыстыра ала алады. Карталарда Қазақстанның кез келген нүктесінде жасалған қылмыстар көрсетіледі», – деді прокурор Г.С. Батталова.

«Кәмелетке толмағандар жасаған қылмыстар картасы», «Кәмелетке толмағандарға қатысты сексуалдық сипаттағы зорлық-зомбылық әрекеттерін жасаған адамдардың карталары» және «Апаттылық картасы» үйлестік тәсілі бойынша жұмыс істейді.

Семинар жұмысын қорытындылай келе, ТІ ж ЖС директоры М.М. Салпенова дұрыс өмір салтын жүргізу, заң бұзбау маңызды екенін атап өтті, себебі кез келген бұзушылық, тіпті ұсақ бұзақылық ҚР құқықтық статистика Комитетінің деректер базасында тіркеледі және болашақта құқық қорғау органдарына, сондай-ақ мемлекеттік қызметке жұмысқа кіруге елеулі кедергі болуы мүмкін.

ҚМИУ баспасөз қызметі


«Серпін – 2050» мемлекеттік бағдарламасы

2014 жылдан бастап Қазақстан Республикасында «Мәңгілік ел жастары – индустрияға» «Серпін – 2050» мемлекеттік бағдарлама жүзеге асырылып жатыр.

Бағдарлама мақсаты – еліміздің еңбек ресурстары мол оңтүстік өңірінің жастарын оқытумен (Алматы, Түрікстан, Жамбыл, Қызылорда, Маңғыстау облыстары) кадрлар жетіспейтін шығыс, солтүстік және батыс өңірлерінде жұмыспен қамтамасыздандыру.

2015 жылдан бастап Мәңгілік ел жастары – индустрияға» «Серпін – 2050» мемлекеттік бағдарламасына техникалық мамандықтар бойынша біздің Қарағанды мемлекеттік инлдустриялық университетті де қатысады.

2015 жылы ҚМИУ 8 мамандық бойынша 300 грант бөлінді. Оның 01.09.2015 жылы 294 гранты игерілді, 6 грант 2016 жылдың қаңтар айында қайта бөлінді.

2016 жылы ҚМИУ 11 мамандық бойынша 160 грант бөлінді. Оның 01.09.2016 жылы 157 гранты игерілді, 3 грант 2017 жылдың қаңтар айында қайта бөлінді.

2017-2018 оқу жылында «Мәңгілік ел жастары – индустрияға!» – Серпiн-2050» бағдарламасы бойынша 11 мамандықтар бойынша 161 талапкер оқуға қабылданды. 6 грант игерілмеді.

Ағымды 2018-2019 оқу жылында «Мәңгілік ел жастары – индустрияға!» – Серпiн-2050» бағдарламасы бойынша  90 талапкер, 9 мамандық бойынша оқуға қабылданды.

Мамандық  2015-2016 оқу жылында оқуға қабылдау

2016-2017

оқу жылында оқуға қабылдау

2017-2018 оқу жылында оқуға қабылдау 2018-2019 оқу жылында оқуға қабылдау
1 Машинажасау 32 15 16 4
2 Көлік, көлікті техника және технологиялар 35 10 20 9
3 Технологиялық машиналар және жабдықтар 34 20 5
4 Электрэнергетика 35 5 12 14
5 Материалтану және жаңа материалдар технологиясы 35 20 4 5
4 Металлургия 44 19 9 7
5 Құрылыс 39 15 24 9
8 Материалдарды қысыммен өңдеу технологиясы 40 28 27 9
9 Автоматтандыру және басқару 10 23 24
10 Органикалық заттардың химиялық технологиясы 5
11 Есептеу техникасы және бағдарламалық қамтамасыздандыру 10 21 9
БАРЛЫҒЫ: 294 157 161 90

 

Қазіргі таңда барлығы 659 студент оқиды.

Осы бағдарлама бойынша ҚМИУ оқуға түскен талапкерлер жатақханамен қамтамасыз етілген, олар оқу аяқталғаннан кейін жұмысқа орналастырылады.

Қарағанды мемлекеттік индустриялық университетінде жақсы оқу үшін студенттеге қолайлы жағдай жасалған.

Университетте заманауи оқу дәрісханалары және ғылыми зертханалары орналасқан 6 оқу-зертханалық корпус, 260 мың кітап қоры бар кітапхана, екі заманауи акт залы, құрамында 6 ойын залы және ашық алаңды спорт кешені жұмыс жасайды.

Университетте 890 орынды 2 жайлы жатақхана бар. Студенттер үшін жатақхана тегін. Университетте қоғамдық тамақтану орындары (4 дәмхана, 80 орынды асхана), сонымен бірге медициналық бөлме  жұмыс жасайды.

 

Қарағанды мемлекеттік индустриялық университетін таңдаумен – болашаққа сенімді кепілдендірілген  жолдаманы таңдайсың!