“Осыдан жарты ғасыр бұрын, кезінде жоғары техникалық оқу орны атанған осы университетті бітіріп, өндіріске жолдама алған түлектердің қатарында өзімнің де болғанымды мен әрдәйым зор мақтаныш сезіммен еске алып жүремін.”

Н. Ә. Назарбаев

Ректордың блогы

Қарағанды мемлекеттік индустриялық университеті – тау-кен және металлургия саласына арналған жоғары білікті кадрлард...

Толығырақ »

Жаңалықтар

Архив

Конференциялар

Архив

Архив:

Тарау таңдап алу:

Все сделанные на сайте записи одним потоком: көшу →


«Жастардың ғылыми шығармашылығы – инновациялық дамуға» атты XLVI ғылыми-практикалық конференция

кгиу каз1

Қарағанды мемлекеттік индустриялық университеті

2015 жылы 7-8 сәуір аралығында

Михайл Остроградский атындағы

Кременчук ұлттық университетімен (Украина)

бірге өткізілетін

КОНФЕРЕНЦИЯНЫҢ НЕГІЗГІ КҮНДЕРІ:

2016 жылдың 26 наурызына дейін – электронды нұсқадағы өтінімдер және материалдарды қабылдау;
2016 жылдың 28 наурызына дейін – бағдарламалық конференция комитетімен ұсынылған материалдарды
басылымға ұсыну жайлы жазбаша хабарландыру;
2016 жылдың 7 сәуірі – конференцияға қатысушыларды тіркеу;
2016 жылдың 7-8 сәуірінде – конференция жұмысын ұйымдастыру және өткізу.

«Жастардың ғылыми шығармашылығы – инновациялық дамуға» XLVI ғылыми-практикалық конференция жұмысы, қатысу талаптары жәее баяндаманы рәсімдеу ережесі жайлы толық ақпаратты kgiu.kz сайтынан білуге болады.

Толығырақ

 

 


Халықаралық ғылыми-тәжірибелік конференция «Қайым Мұхамедханов және қазақ әдебиетінің өзекті мәселелері»

Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігі

      Семей қаласының Шәкәрім атындағы мемлекеттік университеті

 Құрметті әріптестер!

 Семей қаласының Шәкәрім атындағы мемлекеттік университеті 2016 жылдың 8-9 сәуірінде әдебиет зерттеушісі, абайтанушы, ақын Қайым Мұхамедхановтың туғанына 100 жыл толуына орай өтетін «Қайым Мұхамедханов және қазақ әдебиетінің өзекті мәселелері» Халықаралық ғылыми-тәжірибелік конференциясына қатысуға шақырады.

Конференция жұмысының негізгі бағыттары:

  • Қайым Мұхамедханов және абайтанудың даму бағыттары
  • Қайым Мұхамедханов және әдебиеттану мәселелері
  • ХХІ ғасырдағы білім беру жүйесі: дәстүр және инновация
  • Қоғамдық және гуманитарлық ғылымдардың маңызды аспектілері

Конференция қазақ, орыс, ағылшын тілдерінде өтеді.

Конференция материалдары жинақ ретінде жарияланады.

Конференцияға қатысушыларға арнайы сертификат беріледі.

Ақпараттық хат


«Келешек – 2016» республикалық ғылыми-практикалық конференция

Ө.А. Байқоңыров атындағы Жезқазған университеті 2016 жылғы 11 наурызда «Келешек – 2016» студенттер мен жас ғалымдардың республикалық ғылыми-практикалық конференциясын өткізеді.

Конференцияның жұмысы төмендегі бағыттар бойынша жоспарлануда:

  1. Техникалық ғылымдар
  2. Экономика ғылымдары
  3. Гуманитарлық ғылымдар
  4. Жаратылыстану ғылымдары

Конференцияның жұмысында пленарлық және секциялық мәжілістерде кеңінен пікірлер, ғылыми өндірістік тәжірибелер алмасу көзделуде.

Конференция материалдары ғылыми жинақта жарияланады.

Конференцияның жұмыс тілі – мемлекеттік, орыс және ағылшын тілі. Конференцияға келуге байланысты шығындар қатысушылардың есебінен жүзеге асырылады.

Конференцияның жұмысына қатысу жөнінде тапсырыс пен баяндаманың дискетін 2016 жылғы 20 ақпанға дейін ұйымдастыру комитетінің мекен-жайына жіберулеріңізді сұраймыз.

АҚПАРАТТЫҚ ХАТ


XVI Международная научно-техническая конференция студентов, магистрантов и молодых учёных «Творчество молодых – инновационному развитию Казахстана»

14-15 апреля 2016 года Восточно-Казахстанский государственный технический университет им. Д. Серикбаева проводит XVI Международную научно-техническую конференцию студентов, магистрантов и молодых учёных  «Творчество молодых – инновационному развитию Казахстана».

В программе конференции предусмотрены заседания: пленарное (открытие конференции, основные доклады), секционные (выступления участников конференции) и заключительное заседание.

Работа конференции организуется по следующим секциям:

1 Инновации в строительстве, архитектуре и агропромышленном комплексе;

2 Инновации в машиностроении, транспорте и материаловедении;

3 Актуальные проблемы горно-металлургической отрасли;

4 Информационно-коммуникационные технологии (ИКТ) в образовании, науке и технике;

5 Энергетика, энергосбережение и материаловедение;

6 Экономико-управленческие проблемы инновационного развития общества;

7 Роль социально-гуманитарных наук и иностранных языков в развитии инновационных процессов;

8 Военная наука и физическая культура.

В рамках конференции будут подведены итоги первого тура конкурса “Инновация» – лучшая инновационная идея”.

ИНФОРМАЦИОННОЕ ПИСЬМО


«Жаратылыстану және ауылшаруашылық ғылымдары саласындағы ғылым мен білімнің өзекті мәселелері»

Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігі

Манаш Қозыбаев атындағы Солтүстік Қазақстан мемлекеттік университеті

Сіздерді Манаш Қозыбаев атындағы Солтүстік Қазақстан мемлекеттік университетінде 2016 жылдың 19 ақпанында өтетін «Жаратылыстану және ауылшаруашылық ғылымдары саласындағы ғылым мен білімнің өзекті мәселелері» атты ІV халықаралық ғылыми-тәжірибелік конференцияның жұмысына қатысуға шақырамыз.

Конференцияның жұмыс тілдері: қазақ, орыс, ағылшын.

Конференцияға қатысу үшін өтініш және баяндама мәтіні (қосымша берілген талаптарға

сәйкес ресімделген)  және  конференцияны ұйымдастыру және баспа шығындарын өтеу үшін (3000 теңге) мөлшерінде тіркеу жарнасы ұсынылуы қажет. ТМД және РФ қатысушылары үшін төлем  төлем жүргізу кезіндегі  ХВҚ курсы бойынша жүзеге асырылады. Баяндамаларды 2016 жылдың 01 ақпанына дейін электронды нұсқада жіберу керек.

Конференция материалдарынан еңбек жинағы басып шығарылады.

АҚПАРАТТЫҚ ХАТ