«Теміртау – менің алтын бесігім. Магнитка тарихы, Теміртау тарихы, оның халқының тағдыры мен менің тағдырым біртұтас. Металлургия – менің басты университеттерім»
Н. Ә. Назарбаев

Ректордың блогы

Қарағанды мемлекеттік индустриялық университеті – тау-кен және металлургия саласына арналған жоғары білікті кадрлард...

Толығырақ »

Жаңалықтар

Архив

Конференциялар

Архив

Ибатов Марат Кенесович

Ибатов

1961 жылы 12 шілде күні Қарағанды қаласында дүниеге келген. Академиялық атағы: профессор, Тау-кен ғылымдарының Академиясының (РФ, 2014ж.)  шетелдік  мүшесі, ғылыми дәрежесі: техника ғылымдарының докторы. 1978 жылы Қарағанды политехникалық инстиутына (ҚарПТИ) оқуға түскен. 1981 жылы жылы Мәскеулік автомобильді-жолдар институтына (МАЖИ) оқуға ауысқан, 1983 жылы Мәскеулік автомобилді-жолдар институтын (МАЖИ) «Автомобильдер және автомобильді шаруашылық» мамандығы бойынша оқуды үздік бітірген.

1983-1987 жылдар аралығында Қарағанды политехникалық инстиутының аға инженері, кіші ғылыми қызметкері, стажер-зерттеушісі.

1987-1990 жылдар аралығында Мәскеулік автомобильді-жолдар институтының аспиранты.

1991-1997 жылдар аралығында Қарағанды политехникалық инстиутының ассистенті, аға оқытушысы, доценті, Қарағанды политехникалық инстиутының оқытушылары және студенттерінің кәсіподақ ұйымының төрағасы.

1997-2012 жылдар аралығында көлік-жол факультетінің деканы, оқу ісі жөніндегі проректор,  кафедра меңгерушісі, Қарағанды мемлекеттік техникалық университетінің бірінші проректоры.

2012 жылдан 2016 жылга дейін Қарағанды мемлекеттік индустриялық университетінің ректоры.

2003 жылы докторлық диссертациясын қорғады. 2005 жылы ҚР БҒМ Білім және ғылым саласында аттестаттау және бақылау Комитетінің шешімімен профессор деген ғылыми атақ берілді. Жүзеге асырылған ғылыми зерттеулерінің негізгі бағыты – көлік техникасының пайдалану сенімділігін және қауіпсіздігін арттыру, зиянды қалдықтармен ауа бассейнін ластауды азайту.

Ғылыми зерттеу нәтижелері бойынша М.К. Ибатовтың 220 астам ғылыми-әдістемелік еңбегі бар, оның ішінде 2 монография, 20 оқу құралы, баспадан шығарылған. АЭБИ (Алматы қ.) жанындағы ЖҚҰ4.61.31 және ҚарМТУ (Қарағанды қ.) жанындағы Ж14.61.05 докторлық және кандидаттық диссертацияларды қорғау жөніндегі диссертациялық кеңес мүшесі.

IQNet Халықаралық Cертификаттау :елісінің (2004ж) «Русский регистр» сертификаттандыруы бойынша Сапа менеджмент жүйесінің Қауымдастығының аудиторы, Бранденбург техникалық университетінің электронды оқыту технологиясының маманы (2007ж Германия), ҚР БҒМ ҰАО институтциялық аккредиттау жөніндегі сараптаушы (2009ж) сертификаттары бар. Мамандық бойынша біліктілігін арттыру курсы (2011ж) және 9000:2005 сериялы МС ИСО бойынша Сапа менеджмент жүйесі бойынша біліктілігін арттыру курстарынан өткен. Халықаралық Бизнес Академиясы базасында «Казіргі кездегі жоғарғы оқу орын басқару стратегиясы» курсы бойынша біліктілігін арттыру курсынан (Алматы қ., 2012ж), 2012 жылы АҚШ Пенсильвания университетінің негізінде «Автономия жағдайында ЖОО корпоративті басқарудағы үздік тәжірибелер» курсы бойынша біліктілігін арттыру курсынан өтті. Назарбаев Университеті базасында «ҚР жоғарғы оқу орындарының жетекшілерінің біліктілігін арттыру» (ҚР) және Калифорния Университетінде (АҚШ, 2014ж) біліктілігін арттыру курстарынан өтті.

Ол өзінің қызметінде  ғылым, білім және өндірісті  интеграцияландыру, инновациялық технологияларды қолдануға және білімгерлердің бойында белсенді азаматтық ұстанымның және патриотизм сезімдерінің қалыптасуына үлкен көңіл бөледі. Ол бакалавриат және магистратура бойынша Қазақстан Республикасының мемлекеттік жалпы міндетті білім стандарттарын құрастырушыларының бірі.

Еңбекте жеткен жетістіктері үшін ҚР Білім министрлігінің Құрмет грамоталарымен (1993ж, 1994ж), ҚР БҒМ Құрмет грамтоталарымен (2000ж., 2003ж., 2009ж.), ҚР Ұлттық Ғылым Академиясының Құрметті грамотасымен (2013ж), ҚР Білім және ғылым қызметкерлерінің кәсіподағының Орталық Комитетінің  Құрметті грамотасымен (2013ж), «Сала Көшбасшысы  2014» Ұлттық бизнес-рейтинг нәтижесі бойынша «Даңқ Жұлдызы. Қазақстан экономикасы» орденімен (2014ж) марапатталған.

2005 жылы «ҚарМТУ еңбек сіңірген қызметкері» атағымен, 2006 жылы Қазақстан Республикасының  білім саласына сіңірген еңбегі үшін  «Қазақстан Республикасының Құрметті қызметкері» төсбелгісімен, 2008 жылы «10 жыл Астана» медалімен, 2013 жылы «Нұр Отан» ХДП «Белсенді қызметі үшін» төсбелгісімен, ҚР ЖОО Қауымдастығының А.Байтұрсынов атындағы Алтын медалімен және мемлекеттік «Ерен еңбегі үшін» медалімен, 2015 жылы «Қазақстан халқы Ассамблеясына 20 жыл» және «Қазақстан Конституциясына 20 жыл» медалімен  марапатталған.

М.К.Ибатов «Нұр Отан» ХДП Қарағанды облысының бөлімшесінің жанындағы жемқорлыққа қарсы күрес жөніндегі қоғамдық кеңесінің төрағасы, облыстық маслихат депутаты, әлеуметтік-мәдени даму және халықты әлеуметтік қорғау жөніндегі тұрақты комиссия мүшесі.