“Осыдан жарты ғасыр бұрын, кезінде жоғары техникалық оқу орны атанған осы университетті бітіріп, өндіріске жолдама алған түлектердің қатарында өзімнің де болғанымды мен әрдәйым зор мақтаныш сезіммен еске алып жүремін.”

Н. Ә. Назарбаев

Ректордың блогы

Қарағанды мемлекеттік индустриялық университеті – тау-кен және металлургия саласына арналған жоғары білікті кадрлард...

Толығырақ »

Жаңалықтар

Архив

Конференциялар

Архив

ОҚУҒА ТҮСУ ТӘРТІБІ

ҚМИУ МАГИСТРАТУРАҒА ОҚУҒА ТҮСУ ТӘРТІБІ

ҚМИУ магистранттарының құрамын қалыптастыру ғылыми және педагогикалық кадрларды дайындауға арналған мемлекеттік білімдік тапсырысты орналастыру арқылы, сонымен бірге азаматтардың өзінің жеке қаржысы не басқа қаржы көздерінен оқу ақысын төлеу есебінен жүзеге асырылады.

  1. Қазақстан Республикасының азаматтарына, егер азаматтар осы деңгейдегі білімді бірінші рет алуға өтініш білдірген жағдайда мемлекеттік білімдік тапсырысқа сәйкес конкурстық негізде тегін білім алу құқығы қамтамасыз етіледі.
  2. ҚМИУ магистратурасына қабылдау оқуға түсу емтихандарының нәтижелері бойынша конкурс негізінде жүзеге асырылады.

Магистратураға  түсуге арналған өтініштер 3 мен 31 шілде аралығында қабылданады.

Магистратураға түсуге арналған емтихандар 10 мен 20 тамыз аралығында өткізіледі, оқуға қабылдау 25 тамызға дейін жүзеге асырылады.

  1. Магистратураға оқуға түсетін тұлғалар ҚМИУ қабылдау комиссиясына келесі құжаттарды тапсырады:

1) ұйым басшысының атына жазылған өтініші, онда шетел тілі бойынша оқуға түсу емтиханы өтетін қала атауы көрсетіледі;

2) жоғары білім туралы құжат көшірмесі;

3) шетел тілі бойынша тесті тапсырғаны туралы халықаралық сертификат көшірмесі (болған жағдайда):

ағылшын тілі: Test of English as a Foreign Language Institutional Testing Programm (TOEFL ITP – кем дегенде 460 балл), Test of English as a Foreign Language Institutional Testing Programm Internet-based Test (TOEFL IBT, шекті балл – 87 кем емес), (TOEFL шекті балл –
560 баллдан кем емес), International English Language Tests System (IELTS, шекті балл –6.0 кем емес);

неміс тілі: Deutsche Sprachprufung fur den Hochschulzugang (DSH, Niveau С1/деңгейC1) , TestDaF-Prufung (Niveau C1/деңгей C1);

француз тілі: Test de Franзais International™ (TFI – оқу секциясы және аудирлеу секциялары бойынша В1 деңгейден төмен емес), Diplome d’Etudes en Langue franзaise (DELF, деңгей B2), Diplome Approfondi de Langue franзaise (DALF, деңгей C1), Test de connaissance du franзais (TCF – 400 баллдан кем емес).

4) кадрлар есебі бойынша жеке парақ не басқа құжат, еңбек өтілін растайтын, жұмыс орны бойынша кадр қызметі растаған.

5) 3×4 сантиметрлі өлшемді 6 фотография;

6) 086-У үлгідегі медициналық анықтама (ФШК суретімен);

7) жеке куәлік көшірмесі;

8) ғылыми және ғылыми-әдістемелік жұмыстар тізімі (болған жағдайда).

Осы бапта келтірілген құжаттар көшірмесімен бірге тексеру үшін құжаттар түпнұсқасы тапсырылады. Тексеруден кейін құжаттар түпнұсқасы қайтарылады.

ҚМИУ магистратурасына оқуға қабылдау

  1. ҚМИУ магистратурасына оқуға қабылдау 28 тамызға дейін жүзеге асырылады.
  2. ҚМИУ магистратурасына оқуға қабылдау оқуға түсу емтихандарының қортындысы бойынша жүзеге асырылады.

ғылыми-педагогикалық магистратураға: шетел тілі бойынша – 50 баллдан кем емес және мамандық бойынша –  50 баллдан кем емес;

бейінді магистратураға: шетел тілі бойынша – 30 баллдан кем емес және мамандық бойынша –  50 баллдан кем емес;

  1. Мемлекеттік білімдік грант бойынша оқуға шетел тілі және мамандық бойынша түсу емтихандарының жиынтығы бойынша ең көп балл жинаған талапкерлер қабылданады:

1) ғылыми-педагогикалық докторантура – 150 баллдан кем емес;

2) бейінді магистратура – 130 баллдан кем емес.

Конкурстық балл көрсеткіші бірдей болған жағдайда оқуға қабылдану кезінде мамандық бойынша ең үлкен балл жинаған тұлға, ал мамандық бойынша шетел тілі бойынша ең үлкен балл жинаған тұлға оқуға қабылданады. Сонымен қатар, таңдап алынған мамандық бейініне сәйкес ғылыми жетістіктері: ғылыми басылымдары, оның ішінде рейтингті ғылыми басылымдар; ғылыми әзірлемелер туралы куәлігі; ғылыми степендия, грант тағайындалғаны жайлы сертификат; ғылыми конкурс және конференцияларға қатсқаны туралы грамота/ дипломдар ескеріледі.

  1. Оқуға қабылданғаннан кейін (қыркүйек айында) магистранттар ҚМИУ магистратурасының кәсіптік оқу бағдарламасын игеруге сәйкес арналған қажетті пәнді-алдыңғы реквизиттер тізімін тапсырады:
Мамандық Пререквизиттер
1 6М070900 – Металлургия

1. Металлургиялық үрдістер теориясы

2. Металлургиялық үрдістер технологиясы/ Металлургиялық өндіріс технологиясы / /Металлургия негіздері / Жалпы металлургия

3. Физика

4. Химия

5. Металлургиялық үрдістердің жылуэнергетикасы / Металлургиялық жылутехникасы

2 6М071000 – Материалтану және жаңа материалдар технологиясы

1. Физика

2. Технологиялық өндіріс пен материалдарды жобалау

3. Материалтану және құралымдық материалдардың технологиясы / Физикалық материалтану/ Кристаллография және металлография/ Минералогия, кристаллография және металлография

4. Материалдарды таңдау әдістемесі / Жаңа материалдар

5. Материалдарды термиялық өңдеу

3 6М071200 – Машинажасау

1. Конструкциялық материалдар және термиялық өңдеу

2. Құралымдау негіздері және машина бөлшектері

3. Машинажасау өндірісінің технологиялық үрдістері

4. Металдарды қысыммен өңдеу технологиясы

5. Иілімділік теориясы

4 6М072100 – Органикалық заттардың химиялық технологиясы

1.   Органикалық емес  химия / Химия

2.   Органикалық химия / Алифатикалық қатарлы органикалық химия / Циклді қосындылар химиясы

3.   Көмірсутек шикізатын өңдеу технологиясы / Жалпы  химиялық технология / Органикалық заттардың химиялық технологиясы/ Органикалық және мұнай-химиялық өндіріс технологиясы/Мұнай, газ және көмір химиясы

5 6М072400 – Технологиялық машиналар және жабдықтар

1. Физика

2. Құралымдық материалдардың технологиясы / Материалтану және құралымдық материалдардың технологиясы

3. Машина бөлшектері және құралымдау негіздері / Машина бөлшектері

4. Технологиялық машиналарды монтаждау және пайдалану / Көлік техникасын техникалық пайдалану негіздері

5. Технологиялық машиналарды жөндеу / Құрылыс және жол машиналарды жөндеу

6 6М072900 – Құрылыс

1. Құрылыс механикасы

2. Құрылыс материалдары / Құрылыс материалдар және бұйымдар

3. Құрылыс конструкциялары І / Темірбетон және тас құрылымдары / Металл құралымдары / Ағаш және пластмассадан жасалған құрылымдары

4. Геотехника І

5. Құрылыс өндірісінің технологиясы І / Ғимараттар мен құрылыстарды салу технологиясы

7 6М073100 – Тіршілік қауіпсіздігі және қоршаған ортаны қорғау 1. Потенциалды қауіпті технологиялар / Өндірістік қауіпсіздік декларациясы / Өндірістік объектілердің өнеркәсіптік қауіпсіздігін сараптау
2. Жұмыс жағдайын талдау / Өндірістік объектілерді еңбек жағдайлары бойынша аттестациялау
3. Қауіпсіздік техникасы негіздері / Ұжымдық және жеке қорғану құралдары
8 6М050600 – Экономика

1. Экономикалық теория / Экономикалық теория негіздері

2. Макроэкономика

3. Микроэкономика