“Осыдан жарты ғасыр бұрын, кезінде жоғары техникалық оқу орны атанған осы университетті бітіріп, өндіріске жолдама алған түлектердің қатарында өзімнің де болғанымды мен әрдәйым зор мақтаныш сезіммен еске алып жүремін.”

Н. Ә. Назарбаев

Ректордың блогы

Қарағанды мемлекеттік индустриялық университеті – тау-кен және металлургия саласына арналған жоғары білікті кадрлард...

Толығырақ »

Жаңалықтар

Архив

Конференциялар

Архив

ҚМИУ-де Польша делегациясымен кездесу өтті

[жариялау күні: 11.06.2019, 15:15:05, жариялауды: Баспасөз-орталығы]

2019 жылы 10 маусымда Қарағанды мемлекеттік индустриялық университетінде Польша делегациясының өкілдерімен кездесу өтті. Бұл кездесудің мақсаты-ғылыми-зерттеу қызметіндегі іскерлік өзара тиімді халықаралық ынтымақтастық үшін барынша қолайлы жағдайларға қол жеткізу.

Кездесуге: машина жасау және көлік машина жасау кафедрасының профессоры, машина жасау және робототехника факультеті, Гурничо-Хутнича академиясы  Станислава Сташица атындағы AGH ғылыми-техникалық университеті Краков қ. (Польша) – Krzysztof Krauze; өндірістік жүйелер, мехатроника және өндірісті қазіргі автоматтандыру кафедрасының профессоры, машина жасау және робототехника факультеті, AGH ғылыми-техникалық университеті – Jasek Cieslik; “Қарағанды машина жасау консорциумы” ЖШС директоры, Ресей тау – кен ғылымдары академиясының шетелдік мүшесі, ҚР көмір өнеркәсібінің құрметті қызметкері, ҚР Құрметті машина жасаушысы, т. ғ. д., профессор – Кежин Болат Маулетович; Қарағанды мемлекеттік техникалық университетінің Физика кафедрасының меңгерушісі, т.ғ. д., профессор – Смирнов Юрий Михайлович; “КАРТЕЛЬ2005” ЖШС директоры – Копьяк Геннадий Павлович; “Инкар 1” ЖШС директоры – Нұрпейісов Қуандық Балтабаевич қатысты.

Дөңгелек үстел барысында ғылыми-педагогикалық кадрларды даярлау және біліктілігін арттыру сапасын жақсарту; Білім және ғылым жүйесінде инновациялық белсенділікті арттыруды қамтамасыз ететін кадрларды даярлау және қайта даярлау үшін жағдай жасау, ғылыми зерттеулер нәтижелерін коммерцияландыру; ғылыми-практикалық конференциялар мен семинарларды бірлесіп ұйымдастыру; инновациялық технологиялар ғылым саласындағы халықаралық ынтымақтастық бағдарламаларын бірлесіп қатысу және әзірлеу, әлемдік ғылыми – білім беру және ақпараттық жүйеге интеграциялау сияқты ынтымақтастық міндеттері талқыланды.

Қонақтарға арналған таныстыру мақсатында  университеттің материалдық-техникалық базасымен экскурсия өткізілді, сондай-ақ студенттер, профессор-оқытушылар құрамы және жоо-ның магистранттарымен кездесу өтті. Кездесу қорытындысы бойынша жобалық жұмыстар, мемлекеттік бюджеттік тақырыптар, магистрлік диссертациялар және мақалалар мен монографияларды бірлесіп жариялау жоспарлануда.

ҚМИУ баспасөз қызметі

 

11.06.2019, 15:15:05, Баспасөз-орталығы Тараулар: Жаңалықтар