“Осыдан жарты ғасыр бұрын, кезінде жоғары техникалық оқу орны атанған осы университетті бітіріп, өндіріске жолдама алған түлектердің қатарында өзімнің де болғанымды мен әрдәйым зор мақтаныш сезіммен еске алып жүремін.”

Н. Ә. Назарбаев

Ректордың блогы

Қарағанды мемлекеттік индустриялық университеті – тау-кен және металлургия саласына арналған жоғары білікті кадрлард...

Толығырақ »

Жаңалықтар

Архив

Конференциялар

Архив

ҚМИУ-ның профессор-оқытушылар құрамы мен қызметкерлері арасындағы Спартакиада

[жариялау күні: 16.04.2019, 18:20:55, жариялауды: Баспасөз-орталығы]

9-15 сәуір аралығында спорттың 11 түрінен ҚМИУ профессор-оқытушылар құрамы мен қызметкерлерінің жыл сайынғы спартакиадасы өтті.

Жыл сайын қатысушылар саны артып келеді, әр түрлі жастағы оқытушылар ғана емес, сонымен қатар ардагерлер де жарысады. Спартакиадаға «Металлургия және машина жасау», «Экономика және құрылыс», «Энергетика, көлік және жүйелерді басқару», ҚМИУ жанындағы техникалық-экономикалық колледж және «Инфрақұрылымды пайдалану және дамыту» департаментінің оқытушылары мен қызметкерлері қатысты.

Салауатты өмір салты біздің оқытушылар үшін нормаға айналғаны қуантады. Және тек жігерлі, қозғалмалы, сау болу бүгінгі күні сәнді және беделді болады. Дене шынықтыру-сауықтыру жұмысының ең кең тараған және сүйікті түрі спартакиада болып қалуда. Спартакиадаға енгізілген жарыстар әртүрлі: волейбол, футбол, спорттық-ойын-сауық эстафетасы, арқан тарту, үстел теннисі, дартс, гір спорты, асық ату, тоғыз құмалақ, шахмат және дойбы.

Волейбол ойыны үш партияда 15 ұпайға дейін өткізілді. Командалар әрқайсысы алты адамнан тұрды. Жарыс нәтижесі бойынша командалар төмендегідей бөлінді:

1 орын – ИПжДД командасы

2 орын – ТЭК командасы

3 орын – ЭКжЖБФ командасы

Дартс бойынша жеке-командалық жарыстар өтті. Жеңімпаздар 10 ұпайдан ең көп жинаған ұпайлар бойынша анықталды:

1 орын –ТЭК командасы

2 орын – ИПжДД командасы

3 орын – МжМЖФ командасы

Үздік ойыншылар – Акишев Талғат Қымбатұлы, Байленова Айдана.

Жеке-командалық жарыстар үстел теннисі бойынша өтті. Ойын үш партиядан тұрды және 11 ұпайға дейін жетті. Осы жарыстардың қорытындысы:

1 орын –ЭжҚФ командасы

2 орын – МжМЖФ командасы

3 орын – ЭКжЖБФ командасы

Үздік ойыншылар – Кенжетаев Рахимбек Рапикович және Чепелян Лариса Витальевна.

Асық ойынында команда бес адамнан құралды. Жеңімпаз көп ұрылған асық саны бойынша анықталды. Нәтижесінде:

1 орын – ИПжДД командасы

2 орын – МжМЖФ командасы

3 орын – ЭКжЖБФ командасы

Үздік ойыншы – Жүніскалиев Талғат Тоқашұлы.

Кіші-футболдан матч 15 минутты екі бөліктен тұрды. Команда құрамасы – 5 адам, ауыстыру шектеусіз. Жарыстардың қорытындысы:

1 орын – ЭКжЖБФ командасы

2 орын – МжМЖФ командасы

3 орын – ИПжДД командасы

Үздік ойыншы – Жаутиков Бахыт Ахатұлы.

Арқан тартуда көшбасшы команда ТЭК командасы жетекші орын иеленді. Екінші орын –  ЭКжЖБФ, үшінші – ИПжДД.

Ең қызықты және көңілді спорттық іс-шаралардың бірі – спорттық-ойын-сауық эстафетасы. Әрбір команда төрт әйелден және осындай санда ерлерден тұрды. Жеңімпаз кезеңдегі орындардың аздығымен анықталды. Ережелерді бұзғаны үшін 2 айыппұл секунд қосылды. Қорытынды:

1 орын –  ТЭК командасы

2 орын – ИПжДД командасы

3 орын – ИПжДД командасы және ЭКжЖБФ командасы.

Кір көтеруден өз салмақ дәрежелерінде жүлделі бірінші орынды иеленгендер: Лехтмец Владимир Леонидович (100 кг дейін 60 жастан жоғары), Жаутиков Бахыт Ахатұлы (100 кг дейін), Алиқайдаров Бекзат (100 кг жоғары), Утебаев Нурлыбек (82 кг дейін) и Балғабаев Максат (75 кг дейін).

Шахматта Алиқайдаров Бекзатқа тең келер ешкім болмады. Екінші орын –Шушабаева Айнұр, үшінші орын – Бозшалова Ляйля Тажибайқызы.

Тоғыз құмалақ бойынша көшбасшы – Турнар Ернар. Екінші орында – Кәріполла Алқагүл, үшінші орында – Қуатбай Ербол.

Спартакиада ұйымдастырушысы – ҚМИУ ректораты және профкомы. Аталған жарыстың бас төрешісі Колесникова Р.К.,бас хатшы – Трус А.Б.сөз сөйледі.

20 наурыз ҚМИУ ректоры Жәутіков Б.А. салтанатты жағдайда, әріптестерінің қошеметімен жеңімпаз командаларға грамоталар мен сыйлықтар табыстады. Естелік сыйлықтарымен және мақтау қағаздарымен жеке біріншілік жеңімпаздары мен жарыстардың белсенді қатысушылары (үш және одан да көп түрлері) марапатталды.

Жарыстың әр түрлілігі, эмоциялық көтерілу, спорттық күрестің жоғары шыңы мереке атмосферасын құруға ықпал етеді. Спартакиада тек қатысушы-оқытушыларға ғана емес, сонымен қатар көрермендерге де үлкен жағымды әсер береді.

ҚМИУ баспасөз қызметі

 

16.04.2019, 18:20:55, Баспасөз-орталығы Тараулар: Жаңалықтар