“Осыдан жарты ғасыр бұрын, кезінде жоғары техникалық оқу орны атанған осы университетті бітіріп, өндіріске жолдама алған түлектердің қатарында өзімнің де болғанымды мен әрдәйым зор мақтаныш сезіммен еске алып жүремін.”

Н. Ә. Назарбаев

Ректордың блогы

Қарағанды мемлекеттік индустриялық университеті – тау-кен және металлургия саласына арналған жоғары білікті кадрлард...

Толығырақ »

Жаңалықтар

Архив

Конференциялар

Архив

ҚМИУ-де 8 наурыз – Халықаралық әйелдер күніне арналған салтанатты іс-шара өтті

[жариялау күні: 06.03.2019, 10:01:27, жариялауды: Әкімшілік]

5 наурыз күні университетте аяулы қыздар мен әйелдерді құтықтады. Таң студенттер ұйымдастырған ерекше құттықтаудан басталды: кіре берісте әрбір қызды және әйелді «Құттықтаймыз!» деп айқалап, әуе шарды сыйға тартты. Бұл құттықтау күні бойы жақсы көңіл күй сыйлады.

Осы күну мерекелік концерт ұйымдастырылып, іс-шараның ресми бөлімінде университет ректоры Жәутіков Бахыт Ахатұлы құттықтау сөз сөйлеп, университеттің керемет жартысына зор денсаулық, жағымды көңіл-күй және шексіз бақыт тіледі.

Дәстүр бойынша алғыс хаттармен және Құрмет грамоталарымен марапаттау рәсімі өтті. Жоғары білімді дамытуға қосқан үлесі үшін ҚР Білім және ғылым Министрлігінің Алғыс хатымен «Электроэнергетика, Автоматтандыру және есептеу техникасы» кафедрасының меңгерушісі Ющенко Олеся Александровна марапатталды. Қызметіне деген жауапкершілігі үшін ҚМИУ ректорының Құрмет грамоталары мен алғыс хаттарымен марапатталды:

«Химиялық технология және экология» кафедрасының профессоры Гавва Нина Федосеевна;

«Құрылыс» кафедрасының аға оқытушысы Мезенцева Анастасия Владимировна;

– кітапханашы Шамаева Татьяна Викторовна;

«Технологиялық машиналар және көлік» кафедрасының аға оқытушысы Исабекова Гүлнар Жұмадоллақызы;

– «Менеджмент және бизнес» кафедрасының аға оқытушысы Алдабаева Әсем Егінбайқызы;

– Халықаралық ынтымақтастық департаментінің Эразмус+ сектор жетекшісі Даирбекова Гүлдана Сүйіндікқызы;

– Техникалық-экономикалық колледж оқытушысы Ембергенова Алмагүл Қалмағамбетқызы;

– «Қазақ, орыс және шетел тілдері» кафедрасының оқытушысы Омарова Гүлмира Бауыржанқызы;

«Химиялық технология және экология» кафедрасының аға оқытушысы Арбуз Галина Сергеевна;

–  техникалық-экономикалық колледжінің оқытушысы Дудникова Ирина Ивановна;

– «Технологиялық машиналар және көлік» кафедрасының лаборанты Қыдырбаева Салтанат Жайсанбекқызы;

– техникалық-экономикалық колледжінің офис-тіркеушісі Ажикова Жанар Дулатқызы;

– инфрақұрылымды дамыту және пайдалану департаментінің қызметкерлері Ахметбаева Гүлнар Рысбайқызы, Боранова Замира Қалмұратқызы, Еримбетова Ахзира Абдреевна, Хамит Гүлзира.

Қарағанды облысының білім және ғылым қызметкерлерінің кәсіподақ жұмысына белсене қатысқаны үшін Алғыс хатпен жаратылыстану ғылыми пәндер кафедрасының лаборанты Түспаева Гульжамал Жақсылыққызы, адам ресурстраы Департмаентінің инспекторы Абельдинова Гульнар Алпысқызы, инфрақұрылымды дамыту және пайдалану департаментінің қызметкері Мажкенова Аулым Аубакировна марапатталды.

Іс шараға қатысушыларға Қарағанды қаласы Қали Байжанов атындағы концерттік бірлестіктің солистері ең әдемі әндер сыйлады.

Көрермендер залда әншілерге ән шырқады, әрине, осы тамаша күні аналарға, көктемге, қуаныш пен махаббатқа арналған әндер шырқалды.

 

ҚМИУ баспасөз қызметі

 

 

06.03.2019, 10:01:27, Әкімшілік Тараулар: Жаңалықтар