«Теміртау – менің алтын бесігім. Магнитка тарихы, Теміртау тарихы, оның халқының тағдыры мен менің тағдырым біртұтас. Металлургия – менің басты университеттерім»
Н. Ә. Назарбаев

Ректордың блогы

Қарағанды мемлекеттік индустриялық университеті – тау-кен және металлургия саласына арналған жоғары білікті кадрлард...

Толығырақ »

Жаңалықтар

Архив

Конференциялар

Архив

X ПРЕЗИДЕНТТІК ОЛИМПИАДАНЫҢ ЖЕҢІМПАЗДАР ЕСІМДЕРІ АТАЛДЫ

[жариялау күні: 10.11.2017, 19:47:37, жариялауды: Әкімшілік]

 

Қарағанды мемлекеттік индустриялық университетінде 10 қараша күні мерейтойлық Президенттік олимпиаданың салтанатты жабылу рәсімі өткізілді және жеңімпаздар есімдері аталды. Ең көп марапаттарды Алматы қаласы және үш облыс – Шығыс Қазақстан, Қостанай және Оңтүстік Қазақстан спортшылары иеленді.

Екі күн ішінде Қазақстанның он төрт аймағынан және республикалық маңызы бар екі қаладан 163 мықты он бірінші сынып оқушылары төрт пәннен: математика, физика, химия және биологиядан күрделі тапсырмаларды шешті. Оқушылар теориялық және практикалық – екі кезеңге қатысты. Сонымен қатар, олимпиадаға қатысушылар үшін жоспарланған мәдени бағдарлама болған, оған ҚР Тұңғыш Президенті мұражайы мен облыстық тарихи-өлкетану мұражайына, атақты Теміртау қысқы бағына, жас көрермендер театрына бару, сондай-ақ қала көшелерімен серуендеу.

Президенттік олимпиаданың жаратылыстану-математика пәндері бойынша бағыты жыл сайын көптеген оқушыларды тартуда. Тоғыз жыл ішінде оған 1410 адам қатысты, 285 жеңімпаздары мен жүлдегерлері атанды, қазіргі таңда қазақстандық және шетелдік беделді жоо-да оқиды.

Олимпиаданы ұйымдастырушы – ҚР білім және ғылым Министрлігі “Дарын” республикалық ғылыми-практикалық орталығы. Мемлекет Басшысы Нұрсұлтан Назарбаевтың жеке тапсырмасы бойынша Олимпиада 2008 жылдан бері өткізілуде. Оның басты идеясы – дарынды балаларды анықтау және қолдау, патриоттық рухты, мықты, интеллектуалды, жоғары білімді қазақстандық оқушыларын тәрбиелеу, жаратылыстану-математика ғылымдарын тереңдетіп оқыту.

Президенттік олимпиаданың ұйымдастыру комитетінің құрамына ҚР білім және ғылым Министрлігінің, оның ведомстволық бағынысты ұйымдардың, білім беруді басқару органдарының,ҚР жоғары оқу орындарының ректорлар кеңесінің өкілдері кіреді. Қазылар алқасы алдыңғы қатарлы отандық және шетелдік жоғары оқу орындарының ғалымдарынан, халықаралық олимпиадалардың бұрынғы жеңімпаздарынан тұрады.

Президенттік олимпиадаға қазақстандық мектептер түлектерінің қатысуы өздерінің қабілеттерін, білімдерін тереңдету, толық деңгейде жүзеге асыру, жаратылыстану-математикалық бағыттағы пәндерге қызығушылықтарын арттыру мүмкіндігін береді. Олимпиаданың жеңімпаздары мен жүлдегерлері республиканың жоғары оқу орындарына түскен кезде білім беру гранттарын алуға құқығы басым болады.

Олимпиаданың қазылар алқасының шешімі бойынша І дәрежелі дипломмен және алтын медальмен 6 қатысушы марапатталды. Ең көп балл жинағандар Федор Шелестов (№165 мамандандырылған лицейі, Алматы қ.), Олег Ли, (№90 мамандандырылған мектеп-лицейі, Алматы қ.) және Арина Костыря (№5 гимназия, Рудный қ., Қостанай обл.).

II дәрежелі дипломдармен және күміс медальмен 13 адам, III дәрежелі дипломдармен және қола медальдармен – 21 қатысушы марапатталды.

ҚМИУ баспасөз қызметі

IMG_8188IMG_8182IMG_8166

IMG_8178

IMG_8159IMG_8154IMG_8149IMG_8147IMG_8144IMG_8134IMG_8129

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

10.11.2017, 19:47:37, Әкімшілік Тараулар: Жаңалықтар