“Осыдан жарты ғасыр бұрын, кезінде жоғары техникалық оқу орны атанған осы университетті бітіріп, өндіріске жолдама алған түлектердің қатарында өзімнің де болғанымды мен әрдәйым зор мақтаныш сезіммен еске алып жүремін.”

Н. Ә. Назарбаев

Ректордың блогы

Қарағанды мемлекеттік индустриялық университеті – тау-кен және металлургия саласына арналған жоғары білікті кадрлард...

Толығырақ »

Жаңалықтар

Архив

Конференциялар

Архив

ҚМИУ «ЛАТЫН ӘЛІПБИІ ЖӘНЕ ОРФОГРАФИЯ ЕРЕЖЕЛЕРІ» АТТЫ СЕМИНАР-ТРЕНИНГ ӨТКІЗІЛДІ

[жариялау күні: 09.11.2018, 16:39:20, жариялауды: Әкімшілік]

 

Осы іс-шараны «Рухани Жаңғыру» бағдарламасын жүзеге асыру бойынша іс-шаралар жоспары шеңберінде ҚМИУ «Қазақ, орыс және шетел тілдері» кафедрасымен бірге Теміртау қ. «Мәдениет және тілдерді дамыту» бөлімі ұйымдастырды.

Семинарға мемлекеттік тілде оқитын әртүрлі курстардан 50 астам студенттер қатысты.

Іс-шара мақсаты – жаңа латын әліпбінің ережелерін түсіндіру. Теміртау қ. Тілдерді дамыту жөніндегі орталықтың маманы М.Б. Ахметжанова студенттерге латын әліпбіне ауысуға байланысты қазақ тілінің негізгі грамматикалық ережелерін түсіндірді. Осыдан кейін студенттер топқа бөлініп бірнеше тапсырмаларды орындады, осы тапсырмаларды талқылау барысында студенттер қойылған сұрақтарға белсенді жауап берді.

Семинар материалдарын латын әліпбиі бойынша диктант жазу кезінде көмекші құрал ретінде қолдануға болады.

 

ҚМИУ баспасөз қызметі

 

 

09.11.2018, 16:39:20, Әкімшілік Тараулар: Жаңалықтар