“Осыдан жарты ғасыр бұрын, кезінде жоғары техникалық оқу орны атанған осы университетті бітіріп, өндіріске жолдама алған түлектердің қатарында өзімнің де болғанымды мен әрдәйым зор мақтаныш сезіммен еске алып жүремін.”

Н. Ә. Назарбаев

Ректордың блогы

Қарағанды мемлекеттік индустриялық университеті – тау-кен және металлургия саласына арналған жоғары білікті кадрлард...

Толығырақ »

Жаңалықтар

Архив

Конференциялар

Архив

ҚМИУ МЕМЛЕКЕТТІК ҚЫЗМЕТ ҚЫЗМЕТКЕРЛЕРІ ЖӘНЕ СТУДЕНТТЕРДІҢ ҚАТЫСУЫМЕН ПІКІРТАЛАС САЙЫСЫ ӨТКІЗІЛДІ

[жариялау күні: 25.10.2018, 14:55:45, жариялауды: Әкімшілік]

Қазақстан Республикасының сыйбалас жемқорлыққа қарсы іс-қимылдар саясатын жүзеге асыру аясында 2018 жылы 23 қазан күні Қарағанды мемлекеттік индустриялық университетінде «Қазақстанның бүгіні және болашағы» атты мемлекеттік қызмет қызметкерлері және студенттер арасында пікірталас сайысы өткізілді.

Сайысты ұйымдастырушылар ҚМИУ және Теміртау қ. әкімдігі.

Іс-шара мемлекеттік және орыс тілдерінде өткізілді. Сайысқа барлығы 8 команда қатысты.

Мемлекеттік қызмет мекемелерінен сайысқа «Теміртау қ. Экономика және қаржы бөлімі» ММ, «Теміртау қ. Қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі» ММ, «Теміртау қ. Тұрғын үй – коммуналдық шаруашылығы, жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары, құрылыс және тұрғын үй инспекциясы» ММ, «Теміртау қ. Білім бөлімі» ММ,  «Теміртау қ. Кәсіпкерлік және ауылшауашылығы бөлімі» ММ және Теміртау қ. әкімінің аппаратының өкілдері қатысты.

Сайыс барысында мемлекеттік қызметкерлер және белсенді жастар сыбайлас жемқорлыққа қарсы күресу іс-қимылдарын арттыру мәселелері бойынша өздерінің көзқарастарын, пікірлерін ортаға салды. Пікірталас барысында қатысушылар өздерінің аналитикалық және сын пікірлерін, айналасындағы адамдармен тіл табысуға және ынтымақтастыққа дайын екендерін көрсетті. Аталған мәселе бойынша өздерінің пікірлерін ортаға салды және жарыс сөзге шықты.

Пікірталас сайысы Американдық парламенттік формат (АПФ) бойынша екі кезеңде өткізілді. Сайыс ережелері бойынша командалар екі қарсы топқа «Үкімет» және «Оппозиция»  бөлінді. Командалар мақсаты бір – өзінің көзқарасын дәлелдеу, бейтарап қазыларды өздерінің көзқарастары, пікірлерінің дұрыс екеніне сендіру. Сонымен қатар өздерінің аргументтерінің көмегімен қарсыластарының аргументтерін жоққа шығару.

Сайыс қортындысында қазақ лигасы бойынша жеңісті құрамында Мадина Есболова және Мағжан Алихан және орыс лигасы бойынша Савелий Елефтериади және  Диас Корабаев қатысқан командалар иеленді.

Ойын барысында өзінің аналитикалық, сынды пікірін және шешендік шеберлігін көрсете білген үздік спикер ретінде Мақұм Рауан, Жаннур Серикболат және Диас. Корабаев анықталды. Сайыстың үздік қазылары ретінде Алмас Жанатбек, Василий Ким танылды.

 ҚМИУ баспасөз қызметі

 

 

25.10.2018, 14:55:45, Әкімшілік Тараулар: Жаңалықтар