“Осыдан жарты ғасыр бұрын, кезінде жоғары техникалық оқу орны атанған осы университетті бітіріп, өндіріске жолдама алған түлектердің қатарында өзімнің де болғанымды мен әрдәйым зор мақтаныш сезіммен еске алып жүремін.”

Н. Ә. Назарбаев

Ректордың блогы

Қарағанды мемлекеттік индустриялық университеті – тау-кен және металлургия саласына арналған жоғары білікті кадрлард...

Толығырақ »

Жаңалықтар

Архив

Конференциялар

Архив

ҚМИУ СТУДЕНТТЕРІ «ЗАЙЫРЛЫҚ – БЕЙБІТШІЛІК ІРГЕТАСЫ ЖӘНЕ ҚОҒАМДАҒЫ ТҰРАҚТЫЛЫҚ» ПІКІРТАЛАС САЙЫСЫНА БЕЛСЕНЕ ҚАТЫСТЫ

[жариялау күні: 16.10.2018, 16:25:44, жариялауды: Әкімшілік]

 

 

Тәуелсіз Қазақстанның қалыптасуы 18 қазан күні атап өтілетін Рухани келісім күні мерекесімен тығыз байланысты.

Рухани келісім күні мерекесін атап өту аясында 2018 жылы 13 қазан күні ҚМИУ студенттері Айзат Жұмашев, Қонысбек Тажиков, Ақерке Нұрғалиева, Алихан Бедеров, Аружан Есболат, Мадина Есболова, Мадияр Сейлихан және Алнұра Нарбаева Қарағанды қ. «Болашақ» ЖМ Академиясында өткен Қарағанды облысының Діни істер жөніндегі басқармасы ұйымдастырған «Зайырлық – бейбітшілік іргетасы және қоғамдағы тұрақтылық» пікірталас сайысына қатысты.

Пікірталас сайысына 22 команда қатысты.

Осы пікірталас сайысының мақсаты қоғамдағы конфессиялық, этникааралықты келісім негізінде біздің мемлекетіміздің зайырлы қағидаларын нығайту тақырыбына қатысты қоғамдық пікірталасқа жастарды тарту және ақпараттандырумен қатар Қарағанды облысындағы терроризм және экстремизмге қарсы іс-қимылдармен таныстыру.

Сайыс ұйымдастырушылары пікірталас сайысына қатысушылардың алдына мемлекеттік зайырлы қағидаларды жүзеге асыру, белсенді азаматтық ұстанымдарды қалыптастыру және студент жастар арасында білім деңгейін арттыру міндеттерін қойды.

Сайыс үш таңдау раундарынан, жартылай финал және финал кезеңінен құралды.

Студенттер «Осы палата зайырлық терроризм және экстремизммен күресуге ықпал етеді деп санайды», «Бұл палата Отан алдындағы парыз – адам үшін ақтық парыз деп санайды» және т.б. тақырыптар бойынша пікір таластырды.

Қазылар рөлін студенттер орындады, ал Діни істер жөніндегі басқарма және «Зерттеу және конфессиялық арақатынастарды сараптау орталығы» КМБ мамандары бақылаушылар ретінде қатысты.

Раундтар жеңілпаздарын анықтау үшін шешім қабылдау кезінде мынадай: ұсынылған идеяны дәлелдеу, сенерлік, сөйлеу құрылымы, дәлелдеме, сөз сөйлеу тәсілі, ақиқаттылық, анықтылық, адалдық және құрмет межелері ескерілді.

Пікірталас сайысының соңында қатысушыларға диплом және сертификаттар тапсырылды, Рухани келісім мерекесі – бұл адамгершілікті пәктіктің және жаңа этикалық басымдылықтарды қалыптастыру күні, біздің айбынды және ақылды халқымыз қалыптастырған Отанымыздың жақсы дәстүрлерінің жалғасы.

Біздің ұлтымыздың рухани-мәдени дамуына ықпал ететін жаңа дәстүрлерді сақтаумен және қолдаумен, біз барлығымыз бірге жалпыазаматтық құндылықтарды қолдаймыз, сол арқылы бейбітшілік және қауіпсіздік территориясы ретінде жаңа мыңжылдықта Қазақстанның шексіз дамуына болашаққа жол ашамыз.

ҚМИУ баспасөз қызметі

16.10.2018, 16:25:44, Әкімшілік Тараулар: Жаңалықтар