“Осыдан жарты ғасыр бұрын, кезінде жоғары техникалық оқу орны атанған осы университетті бітіріп, өндіріске жолдама алған түлектердің қатарында өзімнің де болғанымды мен әрдәйым зор мақтаныш сезіммен еске алып жүремін.”

Н. Ә. Назарбаев

Ректордың блогы

Қарағанды мемлекеттік индустриялық университеті – тау-кен және металлургия саласына арналған жоғары білікті кадрлард...

Толығырақ »

Жаңалықтар

Архив

Конференциялар

Архив

ҚМИУ – ҚЫЛМЫССЫЗ АУМАҚ

[жариялау күні: 05.10.2018, 17:22:07, жариялауды: Әкімшілік]

 

Университеттің 2018-2019 оқу жылына арналған тәрбие жұмысының жоспарына сәйкес 2018 жылы 5 қазан күні Теміртау қ. Ішкі істер басқарма-сының қызметкерлерімен ҚМИУ 1-3 курс студенттерінің кездесуі ұйымдас-тырылды.

Теміртау қ. Шығыс бөлімінің кәмелет жасқа толмағандар ісі жөніндегі аға инспектор Сұлтан Өрістанбекұлы Мұханалиев және Теміртау қ. Ішкі істер басқармасының қызметкері Ержан Айтмұхамбетұлы Тастубаев біздің сту-денттер үшін «Қылмыстың алдын алу және жастар арасындағы құқық бұзу-шылық» тақырыбына арналған ашық дәріс оқыды.

Іс-шара мақсаты: кәмелет жасқа толмаған жасөспірімдер арасындағы құ-қық бұзушылықтардың алдын алу, қоғам өмірін реттеуге арналған білімді қа-лыптастыру, жастар арасындағы құқықтық тәрбилеу.

Студенттер Қазақстан Рекспубликасының Әкімшілік және Қылмыстық Кодексінің негіздерімен танысты. Білім алушыларға қай жастан бастап қыл-мыстық жазалау және қандай қылмыстар үшін қолданылатындығы түсіндірі-леді. Сонымен бірге жасөспірімдер арасында қылмыстың қалыптасу тәуелді-лігін азайту мақсатында дәрісте жасөспірімдердің құқық бұзушылықтарының алдын алу жүйелері бойынша ішкі істер органдарының жүзеге асыратын әдістері де қарастырылды.

Іс-шараға қатысушылар «Сұрақ-жауап» пікір алмасу алаңының жұмысы-на белсене қатысты: сұрақ қойып, күнделікті өмірде кездесетін жағдайларға талдау жасады.

Студенттерге қылмыс құрбаны болмау мүмкіндіктері, қалай қылмыс жа-сауға бармау керектігі туралы кеңес және ұсыныстар берілді.

Студенттер алдында Теміртау қ. Жастардың ресурстық орталығының ди-ректоры Алена Хегай осы ұйымның қызметіне арналған тұсаукесер шарасын ұсынды. Ол қаладағы жастар ұйымдары туралы айтты, университеттің сту-денттері қатысуға болатын жастар бағдарламалары, жобалары туралы толық ақпарат берді.

Қылмыстың алдын-алуға арналған іс-шара өте қызықты өтті. Кездесу ба-рысында тек ғана адам және азаматтың құқығын, бостандығын қорғау жөнін-дегі құқық қорғау органдарының рөлі ғана емес, сонымен бірге оның міндет-тері де қарастырылды.

ҚМИУ баспасөз қызметі

05.10.2018, 17:22:07, Әкімшілік Тараулар: Жаңалықтар