“Осыдан жарты ғасыр бұрын, кезінде жоғары техникалық оқу орны атанған осы университетті бітіріп, өндіріске жолдама алған түлектердің қатарында өзімнің де болғанымды мен әрдәйым зор мақтаныш сезіммен еске алып жүремін.”

Н. Ә. Назарбаев

Ректордың блогы

Қарағанды мемлекеттік индустриялық университеті – тау-кен және металлургия саласына арналған жоғары білікті кадрлард...

Толығырақ »

Жаңалықтар

Архив

Конференциялар

Архив

ҚАРАҒАНДЫ МЕМЛЕКЕТТІК УНИВЕРСИТЕТІ ERASMUS +КӨРМЕСІНЕ ҚАТЫСТЫ

[жариялау күні: 26.10.2018, 14:31:49, жариялауды: Әкімшілік]

 

Қарағанды мемлекеттік индустриялық университеті (әрі қарай – ҚMИУ) 2018 жылы 25-26 қазан күндері Л.Н. Гумилев атын. (Астана) Еуразиялық ұлттық университетінде өткен жоғары білім мүмкіндіктерін арттыру Erasmus + жобасының нәтижелеріне арналған көрмеге қатысты.

Іс-шара Erasmus + бағдарламасының Ұлттық кеңсесі Қазақстандағы Еуропалық Одақтың Өкілдігімен, Қазақстан Республикасының Білім және ғылым министрлігімен, Қазақстан Республикасының жоғары оқу орындарының Ректорларының кеңесімен бірге, Еуропалық комиссияның білімдік, аудиовизуалды құралдар және мәдениет жөніндегі Атқарушы Агенттігінің және Л.Н. Гумилев атын. Еуразиялық ұлттық университетінің қолдауымен ұйымдастырылды.

Іс-шараға Қазақстандағы Еуропалық Одақтың Өкілдігінің ынтымақтастық бөлімшесінің басшысы Йоханнес Стенбек Мадсен, Қазақстан Республикасының білім және ғылым вице-министрі Асхат Аймағамбетов, Л.Н. Гумилев атын. ЕҰУ ректоры, Ректорлар кеңесінің төрағасы Ерлан Сыдықов, Қазақстандағы Erasmus + бағдарламасының ұлттық үйлестірушісі Шайзада Тасболатова, оқытушылар, студент жастар қатысты.

Қазақстандағы Эразмус+ бағдарламасының ақпараттық күндері және жоғары білім мүмкіндіктерін арттыру Эразмус+ жобалар нәтижелерінің көрмесін ұйымдастыру шеңберінде ҚМИУ ғылыми істер және халықаралық байланыстар жөніндегі проректоры, профессор Алтын Аманжоловна Айкеева, PhD докторы, профессор, Дамаск Сейсмикалық геотехникалық инжиниринг университетінің (Сирия) кафедра меңгерушісі Талал Аввад арасында бизнес жобаларды халықаралық құқықтық қамтамасыздандыру және ғылым, білім және бизнесті интеграциялау бағыты бойынша, сонымен бірге Эразмус+ бағдарламасы шеңберіндегі ынтымақтастық туралы уағдаластық мәселелеріне қатысты кездесу өткізілді.

Профессор Талал Аввад, халықаралық кәсіпті қауымдастықтардың мүшесі, оның ішінде ISSMGE (Халықаралық топырақтар механикасы және геотехникалық қоғамы), OSEA ордені (Сириялық инженерлер және

архитекторлар қауымдастығы), NEC (Ұлттық жер сілкіністері орталығы, Дамаск, Сирия) және т.б.

Профессор Талал Аввад, халықаралық кәсіпті қауымдастықтардың мүшесі, оның ішінде ISSMGE (Халықаралық жер үсті және геотехникалық инженергия қоғамы), OSEA (Сириялық инженерлер және архитекторлар қауымдастығы), NEC (Ұлттық жерлерді дамыту орталығы Дамаск, Сирия) және т.б.

 

26.10.2018, 14:31:49, Әкімшілік Тараулар: Жаңалықтар