“Осыдан жарты ғасыр бұрын, кезінде жоғары техникалық оқу орны атанған осы университетті бітіріп, өндіріске жолдама алған түлектердің қатарында өзімнің де болғанымды мен әрдәйым зор мақтаныш сезіммен еске алып жүремін.”

Н. Ә. Назарбаев

Ректордың блогы

Қарағанды мемлекеттік индустриялық университеті – тау-кен және металлургия саласына арналған жоғары білікті кадрлард...

Толығырақ »

Жаңалықтар

Архив

Конференциялар

Архив

ҚМИУ-ДА ІІБ ҚЫЗМЕТКЕРЛЕРІНІҢ БІРІНШІ КУРС СТУДЕНТТЕРІМЕН КЕЗДЕСУІ ӨТТІ

[жариялау күні: 27.09.2018, 18:12:44, жариялауды: Әкімшілік]

27 қыркүйек 2018 ж. ҚМИУ-да Теміртау қаласының ішкі істер Басқармасы қызметкерлерінің бірінші курс студенттерімен кездесуі өтті.

Кездесудің мақсаты – жастар ортасында девиантты мінез-құлықтың алдын алу.

Алдын алу кездесуі кәмелетке толмағандардың қылмыс пен құқық бұзушылық жасағаны үшін әкімшілік және қылмыстық жауапкершілік мәселелеріне арналды.

Теміртау қ. ІІБ ЖПҚ инспекторы Рахматулина Жания Төлеубекқызы жастар ортасындағы ең көп таралған құқық бұзушылықтар туралы және заң бұзғаны үшін жауапкершілік түрлері туралы толығырақ айтып берді, қиын өмір жағдайында өзін қалай ұстау және қайда жүгіну керектігін түсіндірді.

ТІжЖСД директоры Салпенова Мадина Мейрамқызы студенттерді ішкі тәртіп ережелері, тәртіп, жатақханадағы күн тәртібі және академиялық адалдық кодексі бұзылуына жол бермеу туралы хабардар етті.

Студенттер арасында құқық бұзушылықты болдырмауға бағытталған осындай алдын алу іс-шараларын өткізудің өзектілігі – бұл ҚМИУ-да өткізілетін тәрбие жұмысының басты міндеті.

Қарағанды мемлекеттік индустриялық университетінің 2018 – 2019 оқу жылына арналған тәрбие жұмысын жүргізу жоспарына сәйкес осындай кездесулер семестрде 2 рет тұрақты негізде өткізілетін болады.

Іс-шараға қатысқандардың саны – 200 адамды құрады.

 

27.09.2018, 18:12:44, Әкімшілік Тараулар: Жаңалықтар