“Осыдан жарты ғасыр бұрын, кезінде жоғары техникалық оқу орны атанған осы университетті бітіріп, өндіріске жолдама алған түлектердің қатарында өзімнің де болғанымды мен әрдәйым зор мақтаныш сезіммен еске алып жүремін.”

Н. Ә. Назарбаев

Ректордың блогы

Қарағанды мемлекеттік индустриялық университеті – тау-кен және металлургия саласына арналған жоғары білікті кадрлард...

Толығырақ »

Жаңалықтар

Архив

Конференциялар

Архив

ҚМИУ-ДА ИОРДАНИЯНЫҢ АММАН Қ. AL-BALQA ҚОЛДАНБАЛЫ УНИВЕРСИТЕТІМЕН (AL-BALQA APPLIED UNIVERSITY) ХАЛЫҚАРАЛЫҚ ОНЛАЙН-КОНФЕРЕНЦИЯ ӨТТІ

[жариялау күні: 28.09.2018, 16:24:13, жариялауды: Әкімшілік]

2018 жылдың 27 қыркүйегінде университетте «Cisco» Желілік академиясы кеңсесінің қолдауымен Иорданияның Амман қ. Al-Balqa Қолданбалы Университетінің (Al-Balqa Applied University) профессоры PhD Riad Taha Al-Kasasbeh ұйымдастырған, халықаралық сарапшы Mahdi Salman Mohammad Alshamasin қатысуымен конференция өтті. Конференцияға оқытушылар, докторанттар мен магистранттар қатысты.

Конференцияның тақырыбы – лифт жабдықтарының электр жетегін дамытудың қазіргі заманғы үрдістері. Лифттерді заманауи конструкциялау схемалары, талдаулары және олардың даму үрдістері, автоматтандырылған электржетекті дамыту үрдістері қарастырылды. Барлық конференция ағылшын тілінде өтті.

Mahdi Alshamasin электротехника/автоматты басқару (мехатроника) саласында PhD ғылыми дәрежеге ие, импакт-факторы нөлге тең емес халықаралық журналдарда рецензияланатын көптеген мақалалардың авторы, мехатрониканың инженерлік бөлімінде жоғары білім беру жөніндегі комиссияның, ғылыми зерттеулер бойынша алқалы комитеттің мүшесі.

Оның ғылыми қызметі және ғылыми зерттеулер ауқымы кең және алуан түрлі. Mahdi Alshamasin ғылыми қызметінің негізгі бағыттарына: “Роботтар: модельдеу, модельдеу және басқару”; “Электр қозғалтқыштарының жетекті жүйесі”; “Түрлендіргіштер, өлшеу және сигналдарды өңдеу”; “Автоматты басқару” және “Биомедициналық инженерия” жатады.

Конференция барысында магистранттар, докторанттар мен оқытушылар үлкен қызығушылық танытты, пікірталасқа белсенді қатысты.

Конференция соңында қатысушылар шетелдік профессорлар мен іс-шараның ұйымдастырушыларына алғыстарын білдірді, сондай-ақ ғылыми ынтымақтастықты нығайту және дамыту жоспарларын, электротехника мен автоматты басқару саласындағы академиялық ұтқырлық және ғылыми зерттеулер бойынша ынтымақтастық жоспарларын айқындады.

28.09.2018, 16:24:13, Әкімшілік Тараулар: Жаңалықтар