“Осыдан жарты ғасыр бұрын, кезінде жоғары техникалық оқу орны атанған осы университетті бітіріп, өндіріске жолдама алған түлектердің қатарында өзімнің де болғанымды мен әрдәйым зор мақтаныш сезіммен еске алып жүремін.”

Н. Ә. Назарбаев

Ректордың блогы

Қарағанды мемлекеттік индустриялық университеті – тау-кен және металлургия саласына арналған жоғары білікті кадрлард...

Толығырақ »

Жаңалықтар

Архив

Конференциялар

Архив

ҚАРАҒАНДЫ МЕМЛЕКЕТТІК ИНДУСТРИЯЛЫҚ УНИВЕРСИТЕТІНДЕ «НҰР ОТАН» «САНДЫҚ ПАРТИЯ» ӘЛЕУМЕТТІК БАСТАМАЛАРЫН ІСКЕ АСЫРУДЫ ТЫҢДАДЫ

[жариялау күні: 26.09.2018, 17:09:46, жариялауды: Әкімшілік]

 

26 қыркүйек 2018 ж. ҚМИУ платформасында «Қарағанды мемлекеттік индустриялық университетінде «Нұр Отан» «Сандық партия» әлеуметтік бастамаларын іске асыру» атты дөңгелек үстел өткізілді, оның құрметті қонақтары: Оспанова Қадиша Базарбайқызы – «Нұр Отан» партиясының Қарағанды облыстық филиалының төрағасының бірінші орынбасары; Есімханов Дәурен Жағыпарұлы – Теміртау қ. әкім орынбасары; Ломакин Алексей Борисович – қалалық мәслихат хатшысы; Есмұрзаев Алтынбек Атабекұлы – «Нұр Отан» партиясының Теміртау филиалы төрағасының бірінші орынбасары, сондай – ақ университеттің профессор-оқытушылар құрамы болды.

Іс-шара қатысушылары үшін 3Д баспасының сандық зертханасына экскурсия жүргізілді, оның барысында зертхананың функционалдық мүмкіндіктері мен бағыттары бойынша егжей-тегжейлі түсіндірмесі қаралды, бұл ретте қонақтардың назарына ұсынылғаны 3D басып шығару процесі – бұл қабаттарды қою жолы арқылы үш өлшемді модель үлгісі бойынша шынайы объект құру процесі, және бұл, үш өлшемді баспа зертханасы – ең батыл идеяларды өмірге айналдыру мүмкін!

Қонақтар Теміртау қ. «Мәдениет сарайы» бастауыш партия ұйымының Қоғамдық қабылдауына барып қайтты, онда АКҰ төрағасының орынбасары Кәріпбаева Айжан Рыскелдіқызы Қоғамдық қабылдаулар қызметі мен оның даму болашақ жоспарлары туралы айтты. Қабылдау осы жылдың тамыз айында Қарағанды қ. өткен АКҰ Форумынан кейін ашылды.

«Нұр Отан» партиясының Теміртау қалалық филиалы жанындағы «Теміртау мәдениет сарайы» Бастауыш партия ұйымы қатарында 981 партия мүшелері және ҚМИУ, Мәдениет сарайы, “Вершина” ӨК, “КазЭнергоМаш” ЖШС бар, ең көп мүшелер саны университетте (726 адам).

Дөңгелек үстел өткізу процесінде ҚМИУ ректоры Жәутіков Б.А. «Университетте «Сандық партия» «Нұр Отан» партиясының әлеуметтік бастамаларын іске асыру туралы» баяндамасымен сөз сөйледі. Бақыт Ахатұлы университеттің стратегиялық міндеттерінің бірі – бірыңғай ақпараттық-білім беру ортасын дамыту және «Сандық Қазақстан» бағдарламалары мен «Сандық партия» әлеуметтік бастамасын іске асыру шеңберінде қазіргі заманғы IT- технологияларды толық көлемде енгізу болып табылатындығын атап өтті. Университет базасында «IT мамандарын даярлау» бастамашылық жоба шеңберінде «Cisco» желілік академиясының аймақтық орталығы ашылды, онда облыстың орта мектептері мен колледждерінің 100-ден астам информатика пәнінің мұғалім-жаттықтырушылары «IT Essentials» курсы бойынша оқыды және сертификатталды, ал университеттің 4 оқытушысы «CCNA RoutingandSwitching» курсынан оқудан өтті және «Cisco» академиясының

жаттықтырушылары сертификаттарын алды. Жылдың соңына дейін 140 IT-мамандарын даярлауды жоспарлап отырмыз. «Нұр Отан» партиясының әлеуметтік бастамасы шеңберінде Қарағанды облысында ашылған барлық компьютерлік сыныптарда ҚМИУ базасында ашылған «CISCO» Желілік академиясының аймақтық орталығында оқудан өткен сауатты мамандар оқытады.

Ғылыми жұмыс және халықаралық ынтымақтастық жөніндегі проректор А.А. Айкеева «Инновациялық білім беру экожүйесін құрудағы аймақтық университеттің рөлі» атты баяндама жасады, ҚМИУ-дағы «CISCO» бағдарламасын іске асыру жөніндегі үйлестіруші Н.Б. Саидрахимов «CISCO» Желілік академиясы аймақтық кеңсесінің қызметі және ҚМИУ-да «ТЖСЖАБ» бағдарламасын жүзеге асыру туралы» тақырыбында сөз сөйледі.

Мәслихат хатшысы А.Б.Ломакин жастар бастамаларын қолдау мен іске асыруда ҚМИУ белсене қатысып отырғанын атап өтті, университет базасында “Жастар Отанға” жастар мәдени-сауық орталығы жұмыс істейді.

Қ.Б. Оспанова дөгелек үстел нәтижелерін қорытындылай келе, ол университетң ректоры Б.А.Жәутіковтың жетекшілігімен партияның әлеуметтік бастамаларын жүзеге асыру бойынша көп жұмыс жүргізілуде, заманауи оқыту технологиялары енгізілуде, халықаралық ынтымақтастық кеңеюде – деп атап көрсетті.

Іс-шара соңында Қадиша Базарбайқызы «Нұр Отан» партиясының жоғары марапаты «Белсенді қызмет үшін» медалін ҚМИУ ректоры Бақыт Ахатұлы Жәутіковке табыстады, жұмыстарды ұйымдастыруда негізгі рөл «бастауыш» төрағасымен бөлінетіндігін, сондықтан оқытудың түрлі әдістерін пайдалана отырып АКҰ жетекшілерін үздіксіз оқытуға партия ерекше назар аударатындығын атап өтті және «Нұр Отан» партиясының қатарында болуға өз еңбегімен, өз ұмтылысымен ҚР Президенті Н.Ә.Назарбаевтың саясатын, елдің әлеуметтік-экономикалық дамуында және «Сандық партия» әлеуметтік бастамаларын іске асыруда партияның белсенді рөлін қолдайтын дөңгелек үстелдің барлық қатысушыларына шын жүректен өз алғысын білдірді.

26.09.2018, 17:09:46, Әкімшілік Тараулар: Жаңалықтар