“Осыдан жарты ғасыр бұрын, кезінде жоғары техникалық оқу орны атанған осы университетті бітіріп, өндіріске жолдама алған түлектердің қатарында өзімнің де болғанымды мен әрдәйым зор мақтаныш сезіммен еске алып жүремін.”

Н. Ә. Назарбаев

Ректордың блогы

Қарағанды мемлекеттік индустриялық университеті – тау-кен және металлургия саласына арналған жоғары білікті кадрлард...

Толығырақ »

Жаңалықтар

Архив

Конференциялар

Архив

СОТСБИ біліктілікті арттыру курсы

[жариялау күні: 06.09.2018, 09:21:46, жариялауды: Баспасөз-орталығы]

Қарағанды мемлекеттік индустриялық университетінің оқытушылары СОТСБИ компаниясымен бірге Л. Н. Гумилев атындағы Еуразиялық Ұлттық университетінің «Радиотехника, электроника және телекоммуникациялар» кафедрасы ұйымдастырған біліктілікті арттыру курсында біліктіліктерін арттырып жатыр.

Курс тыңдаушыларын бірнеше күн ішінде «СОТСБИ интерактивті зертханалық-оқу кешені» курсы бойынша  дәрістер, практикалық және жеке өзіндік жұмыстар күтіп түр. Сабақты М. А. Бонч-Бруевич ат. Санкт-Петербург  телекоммуникация университетінің оқытушысы,  СОТСБИ ҒТО ЖШС техникалық жазушысы Татьяна Лушникова жүргізеді.

Оқылатын тақырыптар – байланыс желістері, ашық жүйелердің өзара әрекеттесуі, ақпараттық қауіпсіздік, ақпаратты коммуникациялық хаттамаларды зерделеуге арналған СОТСБИ-ngn аппаратты-бағдарламалық кешен және т.б. Курс ұзақтығы 72 академиялық сағат, оқыту нысаны- күндізгі/сырттай.

ҚМИУ баспасөз қызметі