“Осыдан жарты ғасыр бұрын, кезінде жоғары техникалық оқу орны атанған осы университетті бітіріп, өндіріске жолдама алған түлектердің қатарында өзімнің де болғанымды мен әрдәйым зор мақтаныш сезіммен еске алып жүремін.”

Н. Ә. Назарбаев

Ректордың блогы

Қарағанды мемлекеттік индустриялық университеті – тау-кен және металлургия саласына арналған жоғары білікті кадрлард...

Толығырақ »

Жаңалықтар

Архив

Конференциялар

Архив

Өмірдің барлық сырын ашуды үйрену

[жариялау күні: 08.06.2018, 16:34:45, жариялауды: Баспасөз-орталығы]

Жақында Қарағанды мемлекеттік индустриялық университетінде ерекше кездесу ұйымдастырылды. «Металдарды қысыммен өңдеу» кафедрасының доценті  Жұман Аманжолов топ старосталары және Жастар ісі жөніндегі комитеттің белсенді мүшелерімен кездесу барысында өмірдің мағынасы және адами әлеуеттер жайлы әңгіме қозғады.

Жоғары технологиялар дәуірінде адамдар көп жағдайда өмірдің ағымы бойынша өмір сүреді, ойлау және талдауға уақыт жоқ. Көптеген адамдар үшін қажетті ақпаратты интернеттен алу қалыпты дағдыға айналған.  Жұман Аманжоловпен болған студенттердің кездесуі өздерінің мақсаттарын жүзеге асыру үшін ойлау және нақты қадам жасауға үйрету үшін ұйымдастырылды. Кездесу тақырыбы алдын ала белгіленген жоқ. Бұл жағдай қатысушылардың қызығушылығын тудырды. Техникалық бейінді жоғары оқу орында – адамның  рухани өмірі жайлы әңгіме қозғалды.

Кездесу барысында педагог қатысушыларды жұпқа бөлініп бір бірінің  көзіне қарауды өтінді. Қатысушылардың көбі бірінші рет «жұбына» көз тастады, күнде көріп жүрген адамдар бір біріне бірінші рет зейін қойып қарады.  Кездесудің осылай басталғаны бастапқы кезеңде күнделікті өмірді ой елегінен өткізуге және де басқа бір ырғақта кездесуді бастауға мүмкіндік берді.

Жұман Аманжолов – Мәскеу болат және қортпалар институтының түлегі. Ол тек ғана болат құюшы ғана емес, үлкен өмірлік тәжірибесі бар, өмірде білгені, түйгені бар зиялы ұстаз. Жұман Қалықұлы отыз жыл бойы өзінің білімін жетілдірумен айналысады. ҚМИУ жатақханасында тұратын студенттермен ол өзінің бастамасы бойынша адамның бұл өмірдегі рөлі жайлы әңгімелесулерді ұйымдастырып келеді, өзінің кітапханасындағы қызықты кітаптарды студенттерге оқуға береді, енді топ старосталары және белсенді студенттермен кездесу өткізуге бел байлады.

– Бұл кездесуді ұйымдастырудағы негізгі ой – казіргі уақытта адамда үшін өмір сүруге барлық жағдай бар: денесі, жаны, әртүрлі энергия түрлері. Тек ғана осылардың барлығына қатысты қарым-қатынасты дұрыс ұйымдастыра білу керек, саған бар нәрсеге қанағат етуді үйрену қажет – дейді Жұман Қалықұлы – Егер адам өзін бақытты және табысты болуға рұқсат берген жағдай да өмір сәнді де мәнді болады. Сіз өзіңізге күлімсіреуге не ренжуге, басқа біреуді алдауға не өзіңіздің алдануыңызға рұқсат бересіз….

 

Жұман Аманжолов кездесу уақытында тест өткізді: тақтаға мұқият қарап, кейін көзді жұмып, ол қай жерде тұрғанын айту керек болды. Студенттер сенімді емес екендерін бірақ казір тақта дәрісханадан тыс жерде тұрғанын айтты.  Бірақта оқытушының сөзі бойынша ол олардың басында.

– Негізінде сыртағы барлық әлем біздің ішімізде. Адам бір нәрсемен айналысқан кезде, қоршаған ортамен өзара әрекетте болады, әрбір сәт қайталанбайды – дейді Жұман Қалықұлы. – өзіңнің әрекетіңді талдай, болжай білу керек. Адам барлық нәрсені «сөреге» орналастыра білетін кезде табысты болады. Табыс өзімізге қатысты.

Оқытушы үйретуге және тәжірибе алмасуға тырысады. Өзінің құнарлы топыраққа сепкен дәндері ертеңгі күні жемісін береді деп ойлайды.

– Өте қызық болды. Оқытушы жеке тұлға ретінде даму, адамның өзінің өмірі өз қолдында және барлық өмірде кездесетін жағдайларды ол қалай  қабылдаса, солай болатындығы жайлы қызықты пікірлерді айтты – дейді «МҚӨТ»-17 тобының старостасы Савелий Елефтериади. – Үлгі тұтатын адам: Жұман Қалықұлы өмір жылдарын айлаға, айларды апталарға, апталарды күндерге бөліп, әрбір күнді бағалау керектігі жайлы мысал келтірді, өмір қысқа, осы өмірде барлық мақсаттарды жүзеге асыру әрбір адамның өзіне байланысты. Сонымен бірге алға асқақ мақсаттарды қоя білу керек, оларға қол жеткізу үшін көп еңбек етуді қажет етеді. Бұл ұмтылыс және болашаққа деген үміт. Талқыланған тақырып қызық болды, ол жеке тұлға ретінде маған өте ұнады.

Жұман Аманжоловтың жоспарында – осындай кездесулерді жалғастыру жоспарланған. Ол жастармен мүмкіндіктер, талант және қабілеттілік жайлы әңгімелесуді ұнатады. Бұл қасиеттер әрбір адамның бойында бар тек ғана оны дамыту және жетілдіру қажет.

– Өмірде күтпеген сырлар жатыр, мен жастарға осы сырларды ауға көмектессем деп ойлаймын – дейді Жұман Қалықұлы. – біздің кездесулеріміздің тақырыптары өзгеріп отырады, бірақта әрқашан онда психология, социология, фидософия, сонымен қатар қарапайым және ұлы адамдардың өмірінен алынған ақпараттар көп болады.

Светлана ЕГОРОВА

Фото автордікі