“Осыдан жарты ғасыр бұрын, кезінде жоғары техникалық оқу орны атанған осы университетті бітіріп, өндіріске жолдама алған түлектердің қатарында өзімнің де болғанымды мен әрдәйым зор мақтаныш сезіммен еске алып жүремін.”

Н. Ә. Назарбаев

Ректордың блогы

Қарағанды мемлекеттік индустриялық университеті – тау-кен және металлургия саласына арналған жоғары білікті кадрлард...

Толығырақ »

Жаңалықтар

Архив

Конференциялар

Архив

Студенттер қатарынан – мелекеттік қызметке

[жариялау күні: 27.06.2018, 15:08:32, жариялауды: Баспасөз-орталығы]

Мемлекеттік қызмет – мемлекетті басқарудың ең маңызды салаларының бірі, еліміздің қалыптасуы және дамуында ерекше рөл атқарады. Мемлекеттік қызмет өзіне берілген өкілеттілік тұрғысынан барлық салада мемлекет саясатын жүзеге асыруға міндетті: экономика, ғылым, мәдениет, білім, денсаулық, әлеуметтік сала.

Тәуелсіздік жылдарында мемлекеттік қызметтің дамуы және оның әрі қарай жетілуі биылғы Ұлттық баяндамада қарастырылған және Мемлекет басшысының назарына ұсынылған, мақұлданған. Ұлттық баяндамада еліміздің стратегиялық құжаттарын жүзеге асыру тұрғысынан мемлекеттік қызметтің даму кезеңдері сипатталған, осы жылдар ішінде мемлекеттік қызметтің жағдайы және оны әрі қарай дамытуға арналған механизмдерге талдау жасалған.

Мемлекеттік аппараттың қалыптасуына мемлекеттік қызмет жөніндегі Агенттіктің құрылуы маңызды рөл атқарды. Сол кезде мемлекетті басқарудағы бірқатар жүйелі мәселелер анықталды. Осы мәселелерді шешуге көп күш жұмсалды. Жақын болашақта шешімін табуға қажетті мәселелер ішінде: бизнес-үдерістерді автоматтандыруды қамтамасыз ету және ақпараттық жүйені интеграциялау, смарт-технологияларды енгізу, бәсекеге қабілетті мемлекеттік аппаратты қамтамасыз ету үшін қызметкерлердің мүмкіндіктерін арттыру. Сонымен бірге IT-технологиялар және тілдерді оқытумен елімізде мемлекеттік қызметкерлердің икемді дағдыларын және көшбасшылық қасиеттерін дамытуға арналған шараларды жүзеге асыру үшін жетекші халықаралық сарапшыларды тартумен оқыту бағдарламаларын енгізу жоспарланған. ҚР Білім және ғылым министрлігімен бірге адами ресурстарды (HR-мамандар) басқару саласында мамандарды дайындау мәселесін жетілдіру жоспарланған. Бұл «құжатпен жұмыс жасаудан» «адамдармен жұмыс жасауға» өтуге мүмкіндік береді.

Қазақстан Республикасының Бірінші Президенті Н. Ә. Назарбаевтың  Альма-матері саналатын  Қарағанды мемлекеттік индустриялық университеті (әрі қарай – ҚМИУ) қызметтің әртүрлі саласына арналған мамандарды дайындайды. Инженерлер, бағдарламашылар, менеджерлер, бухгалтерлер – олардың көбі жоғары оқу орнын аяқтағаннан кейін өздерінің еңбек жолдарын мемлекеттік қызметпен жалғастырады. Оқу үдерісінде оқытылатын пәндер тізімінде  – мемлекеттік және жергілікті басқару, этика, корпоративті мәдениет, экономиканы мемлекеттік реттеу,  кәсіпкерлікті ұйымдастыру, бухгалтерлік есеп, IT-технология пәндері де оқытылады. Алған білімдері жоғары білікті маман болуға көмектеседі. ҚМИУ студенттері үшін жеке тұлға және кәсіби дамудың айқын үлгісі  – Ұлт Көшбасшысының еңбек жолы, ол қарапайым жұмысшыдан еліміздің бірінші Президентіне дейінгі еңбек жолынан өтті, өзінің қажірлі еңбегімен Қазақстанды әлемдік жоғары деңгейге көтерді.

ҚМИУ өзінің 55 жылдық тарихында білім алған жүздеген түлектер мемлекеттік қызметпен өмірлерін байланыстырды және қала әкімі, сонымен бірге қалалық және облыстық білім, құрылыс, эннергетика, жолаушылар көлігі басқармаларында еңбек етеді.  Біздің университетіміздің түлегі Төлеутай Ысқақұлы Сүлейменов тәуелсіздік алғаннан кейінгі Қазақстан Республикасының алғашқы Сыртқы істер министрі, Қазақстан Республикасының бірнеше шетелдердегі төтенше және толық өкілетті елшісі, дипломат. ҚМИУ түлектерінің арасында Теміртау қ. бірнеше әкімі, ІІД және қалалық ҰҚКД басшылары елінің мүддесіне қызмет еткен. Біздің көптеген түлектер тек ғана Қазақстанда ғана емес алыс және жақын шетелдерде мемлекеттік қызметте еңбек етеді.

«Менеджмент» мамандығының студенттері «Мемлекеттік және жергілікті басқару» пәнін оқумен, әрі қарай мемлекеттік басқарудың әкімшілікті, экономикалық, моралді-этикалық, әлеуметтік-саяси әдістерімен де танысады. ҚМИУ қабырғасында жастар экономикадағы нақты жағдайды талдаумен негізгі санаттар және түсініктердің теориялық негізін игереді. Студенттер алған білімдерін практикада қолдануға, шекті ойлау қабілеттерін дамытуға үйренеді.

«Экономиканы мемлекеттік реттеу» пәнін оқу кезінде біздің студенттер, отандық экономика жағдайында мемлекеттің экономикалық функциясы жайлы, ақша-несие жүйесін мемлекеттік реттеу әдістері, банк қызметінің нарықтық салалары, ауылшарушалық, әлеуметтік салалардағы қолданыстағы экономикалық жүйелер және экономикалық және экономикалық емес әртүрлі әдістерді зерделейді.

ҚМИУ «Есеп және аудит» мамандығында оқитын студенттер үшін «Есеп және мемлекеттік ұйымдардағы есептілік» пәні оқытылады. Бухгалтерлік есеп бюджетті орындау – шарушашылық есептің бірыңғай жүйесінің маңызды бір бөлігі, ол бюджеттің жұмсалуы және нәтижелері туралы қажетті мәліметтерді береді, бюджеттің орындалуын қадағалаудың құралы ретінде – кірістердің түсуі, бюджеттің шығынды бөлігінің орындалуы және мақсатты қолданысы бойынша мемлекеттік қаржыны пайдалануды қадағалауға мүмкіндік береді.

Сонымен бірге ҚМИУ мемлекеттік органдарға деген қоғамның сенімін нығайтуға, мемлекеттік қызметте өзара қатынастың жоғары деңгейін қалыптастыруға және мемлекеттік қызметкердің этикаға сәйкес емес іс-әрекетінің алдын алуға бағытталған Қазақстанның мемлекеттік қызметкерлерінің Этикалық кодексін оқытуға ерекше көңіл бөлінеді. Университеттің оқытушылары және студенттері толығымен мемлекеттік қызметкердің азаматтармен қарым-қатынасы кезінде сыпайы және мәдениетті болу керек, ол өзінің іс-әрекетімен және мінез-құлқымен қоғам тарапынан сынға алынатындай іс әрекет жасамауы керек деген пікірді қолдайды.

Біз біздің студенттер қаншалықты өздерінің мүмкіндіктерін мемлекеттік қызметте жұмыс жасаумен, осы мәселе бойынша қаншалықты құзыретті екендіктеріне көз жеткіздік. 2017 жылы қарашай айында ҚМИУ бірнеше өкілдері таңдау конкурсына қатысып, екі апталық тағылымдамадан өтті, бір күні олар Теміртау қалалық әкімдігінің қызметкерлері қатарында ерекше – «Жастардың дербес басқару күні» жобасына қатысты. Дублерлер қатарына қосылу үшін студенттер өздері жазған эссені ұсынды, эсседе мемлекеттік қызмет жайлы, өздерінің атқаратын жұмыстары туралы жазды және Қазақстан Республикасының Конституциясы, «Президент жайлы» және «Мемлекеттік қызмет жайлы» Заңдар бойынша тест тапсырды. Дублер күнін өткізудегі мақсат – жастармен жұмыс жасауды жетілдіру, мемлекеттік қызметтің ағымды жұмысымен таныстыру, жоспарлау, іс қағаздары, әртүрлі іс-шараларды ұйымдастыру және өткізу негіздеріне оқыту. Қатысушылардың әрқайысы өзіне тән, өзінің мүмкіндіктерін сынау үшін мемлекеттік қызметті таңдады. Жастар өздері басшылық жасайтын бөлімдер жұмысымен танысты. Негізгі  қиындық кеңауқымды жаңа ақпаратты игеру кезінде туындады. Ұзақ күн бойы студенттер мәжіліске қатысты, маңызды шешімдер қабылдады, әртүрлі нысандарды аралады және осы жұмыс қаншалықты күрделі, сонымен бірге мемлекеттік қызметтің қызықты екенін білді.

ҚМИУ екінші курсының студенті болашақ металлург Нұрислам Сарсенов бір күнге Теміртау қаласының әкімі болды. Өзіне таңсық жаңа үдеріске дайындалуға университеттің оқытушылары саясат, экономика, жоспарлау стратегиясы бойынша қосымша мәліметтерді берумен көмектесті. Теміртау қаласының әкімі Ғалым Әшімов дублері өзін осы лауазымды атқаруға лайықты екенін көрсетеді деп сенім білдірді. Әкім-дублер командасында оның орынбасарларының-дублерлері ретінде  ҚМИУ басқа да студенттері болды. Тәжірибелі тәлімгерлердің көмегімен олар мәселені анықтаумен оны шешу жолдарын жылдам қарастыруды үйренді. Қала әкімі және оның орынбасарлары өздерінің дублерлеріне күні бойы кеңес берумен көмектесті. Ғалым Әшімов атап өткендей, дублер күні ҚМИУ студенттеріне тәжірибе жинауға, сонымен бірге осы жұмыстың жауапкершілігін сезінуге мүмкіндік берді. Осы күннен кейін әрбір қатысушы өзінің еңбек жолын мемлекеттік қызметпен байланыстыруды шешті. Мемлекеттік қызмет және жоғары оқу орнының оқыту үдерісінде тығыз байланыспен жүзеге асырылған басқа іс-шаралардан байқағанымыздай, бірінші өңірлік жастардың өзін-өзі басқару органдарының көшбасшыларының слеті «Рухани жаңғыру» бағдарламасы аясында Қарағанды қаласында өткізілді. Осы слетке қатысушылар арасында ҚМИУ Жастар ісі жөніндегі комитеттінің 10 белсенді мүшесі қатысты. Осы кездесулер атауы ісіне сай «Жастардың өзін-өздері басқаруы мемлекетпен өзара іс-қимылдар қатынасының құралы ретінде» деген атаумен ұйымдастырылды. Бұл кездесулерде мемлекеттің жас белсенділермен арақатынасын, сонымен бірге пікір-талас алаңын қалыптастыру және жастардың өзін-өзі басқару органдарының жұмыс деңгейін арттыру көзделді. Студенттердің көшбасшылық қабілетін дамыту ҚМИУ тәрбие жұмысының негізін құрайтын фактор саналады. Жастар ісі жөніндегі комитет осы бағытта үлкен жұмыстарды әртүрлі семинар және тренингтерді ұйымдастыру және өткізумен жүзеге асырады. Үш жыл бойы  белсенді студенттер республикалық көшбасшылар мектебінде білімдерін жетілдіреді және көшбасшылық қабілетті тәрбиелеуге бағытталған «Әлемді өзгертетін идеялар» атты семинар-тренингке қатысып келеді. ҚМИУ «Рухани жаңғыру» бағдарламасын жүзеге асыру арқылы жастардың жаңаша ойлау санасын қалыптастыруға бағытталған іс-шаралар өткізіледі. Азаматтық жауапкершілік, шығармашылық қабілеттілік, әлеуметтік бастамаларды дамытуға ерекше көңіл бөлінеді.

Слетке қатысушылар және ұйымдастырушылар атап өткендей, жастардың өзін-өзі басқаруы бұл ұжымдық іс-қимыл, ол әлеуметтік белсенділік және жеке жауапкершілікті қалыптастырады. Өзін-өзі басқару органдары жастардың бойында көшбасшылық қабілеттілікті дамытуға бағыттайды, сонымен болашақта оларға жоғары лауазымда қызмет жасауға көмектеседі. Мемлекет тарапынан жастардың белсенді азаматты және әлеуметтік ұстанымы, олардың бастамалары және дербестіктерін нығайту үшін барлық жағдай жасалған. Жастарға өзін-өзі басқару үдерісінің оң әсері жайлы Қарағанды қалалық маслихатының хатшысы Құдайберген Бексұлтанұлы Бексұлтанов пікірін білдірді. Сонымен қатар ол жастарға үлгі ретінде Асхат Қанатұлы Аймағамбетов туралы айтты,  Асхат Қанатұлы өзінің жоғары оқу орнында оқыған кезінде өзінің белсенділігімен көзге түсті,  әрі қарай маслихаттың ең жас депутаты болып сайланды, ал казіргі уақытта ҚР білім және ғылым вице-министрі болып халқының мүддесі үшін еңбек етуде.

Басқарудың тиімді жүйесі сыйбайлас жемқорлықты құқық бұзушылық мүмкіндіктерінің алдын алады және азайтады, сыбайлас жемқорлықтың тиімсіз, болашағы жоқ екенін айқындаумен қоғам өмірінде мүлдем болмауына  жағдай жасайды. «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл туралы»  және «Қазақстан Республикасының мемлекеттік қызметі туралы» жаңа Заңдарына 2015 жылы қараша айында Қазақстан Республикасының бірінші Президентінің қол қоюы кездейсоқ жағдай емес. Бұл үдерістер бір бірімен қатар жүреді, бір-біріне әсер етеді және толықтырады. ҚМИУ студенттері де сыбайлас жемқорлыққа қарсы жүзеге асырылған іс-шараларға белсене қатысады. Оның бірі  Қазақстан Республикасының мемлекеттік қызмет істері жөніндегі Агенттік бастамасымен және Теміртау қаласының әкімдігінің қолдауымен өткізілген  «Адал жол – Честный путь» марафоны. 2018 жылдың сәуір айында ҚМИУ 100 студенті өздерінің азаматтық ұстанымдарын көрсетумен  сыйбайлас жемқорлыққа қатысты пікірлерін білдірді. Теміртау қаласының әкімі Ғалым Әшімов, Қарағанды облыстық мемлекеттік қызмет істері жөніндегі департаментінің басшысы  Жандос Сарсенов, мемлекеттік қызметкерлер және қалалық маслихат депутаттарыныңқатысуымен өткен митингте ҚМИУ өкілдері кейбір  лауазымдық тұлғалардың тымыраюы, сатылғыштығының символы ретінде әуе шарларын жарды. Осылайша жас жігіттер мен қыздар Теміртау қаласының барлық жастарын  республикалық акцияға қосылуға және жемқорлықпен күресушілермен бірқатарға тұруға шақырды. Осы шарадан кейін ҚМИУ студенттері әкімдік ғимаратында «Таза қолдар» акциясын ұйымдастырды, осы акция барысында мемлекеттік мекемелер басшыларына сыбайлас жемқорлықпен күресу құралы ретінде сабын тілімдерін таратты. Сонымен бірге жас адамдар Теміртау қаласының әкімі, қалалық маслихат хатшысы және мемлекеттік органдар басшыларының есіктерінің сыртына «Пара алмаймын, бермеймін!»  және сенім телефоны жазылған парақтаршаларды ілді. Осы істер арқылы  сыбайлас жемқорлық көріністеріне қатысты келіспеушілікті азаматтық ұстанымның белсенді түрі жарияланды. Сонымен бірге ескерту қажет, ҚМИУ студенттері бірнеше рет сыбайлас жемқорлыққа қарсы бағытталған қалалық және облыстық конкурстардың жеңілпаздары атанды.

Қазіргі таңда Қазақстанда жеткілікті тиімді мемлекеттік қызмет моделі қалыптасқан. «Ұлт жоспары – 100 нақты қадам» бағдарламасына сәйкес Мемлекет басшысы Нұрсұлтан Назарбаевтың бес институционалды реформасын жүзеге асыру бойынша  бірінші 15 қадам қазіргі таңдағы мемлекеттік аппаратты қалыптастыруға бағытталған. Таңдап алған бағытта көптеген істерді жүзеге асыруға «Стратегия-2050» бағдарламасын жүзеге асыру және қазақстандық мемлекеттілікті нығайту ықпал етеді. Кәсіби мемлекетті қалыптастырудың негізгі функциясына дейін шектелген басымдылықтар анықталған. Осымен  бірге дамыған елдердің «жаңа мемлекеттік басқарудың» екі басты әлсіз жақтары анықталған: нарықты емес табиғи мемлекеттік қызмет арасындағы қайшылықтар, оны нарықтық негізде қайта құруға ұмтылу, мемлекеттік қызметтің жалпы мәртебесінің төмендеуі және легитимділіктің әлсізденуі, мемлекеттік сектордан білікті мамандардың кетуі. Сондықтан мемлекеттік қызмет құрайтын патриоттылықты сақтау – мемлекеттің ерекше қамқорлығының белгісі.

Шетелдік озық тәжірибелерді қолданумен республикада мемлекеттік қызметті жаңарту жүйесі қолданылады. Ол саяси және әкімшілікті таңдау кезіндегі меритократиялық қаиғдаларды енгізу және мемлекеттік қызметкерлерді қолдау, мемлекеттік аппаратта инновациялық технологиялар қолданылуды қарастырады. Мемлекеттік қызметке жұмысқа тұру шараларын жетілдіруге арналған жаңа шаралар қарастырылған, оларға төленетін еңбекақы олардың жұмысының нтәижелері бойынша жүзеге асырылады, құқықтық және әлеуметтік қорғау ҚР «Мемлекеттік қызмет туралы» Заңында қарастырылған. Осының барлығы  – әлемдік қоғамдастықта оның мәртебесін арттыруға, мемлекеттік қызметті нығайтуға арналған логикалық ретті шаралар жүйесі. ҚМИУ оқытушылары және студенттері мемлекеттік қызметтің маңыздылығын толық түсінумен, оның қатарының сапалы мамандармен толықтыруға, нығайтуға әрқашан жан-жақты көмектеседі.

Б. А. Жәутіков,

техникалық ғылымдар докторы, профессор,

ҚМИУ ректоры