“Осыдан жарты ғасыр бұрын, кезінде жоғары техникалық оқу орны атанған осы университетті бітіріп, өндіріске жолдама алған түлектердің қатарында өзімнің де болғанымды мен әрдәйым зор мақтаныш сезіммен еске алып жүремін.”

Н. Ә. Назарбаев

Ректордың блогы

Қарағанды мемлекеттік индустриялық университеті – тау-кен және металлургия саласына арналған жоғары білікті кадрлард...

Толығырақ »

Жаңалықтар

Архив

Конференциялар

Архив

Астанада Global Challenges Summit-2018 өтті

[жариялау күні: 21.05.2018, 15:36:40, жариялауды: Баспасөз-орталығы]

Қазақстанның астанасы Астана қ. 17-19 мамыр аралығында Global Challenges Summit («Жаһандық шақырулар саммиті») ХI Астаналық экономикалық форумы  өтті. Осы жылы формуда дүниежүзілік бетбұрыс: экономикалық даму және ресурстық тұрақтылық, цифрландыру, және уранизация, ұзақмерзімділік және қаржылық революция, жаһандық қауіпсіздік және мәдениетті ығысуға қатысты мәселелер негіз болды.

Форумға 500 спикерлер және 111 елден 5000 қатысушы қатысты. Спикерлер арасында – БҰҰ сегізінші бас хатшысы Пан Ги Мун, Apple негізін қалаушы  Стив Возняк, Францияның бұрынғы президенті Франсуа Олланд, кинорежиссер Кшиштоф Занусси, инфроқұрылымды инвестициялық Азия банкінің  директоры Цзинь Лицюнь және т.б. қатысты.

Форум жұмысын Қазақстан Республикасының Президенті Н.Назарбаев ашты:

– Биылғы форум жаһандық шақыруларға тиімді жауап іздеуге бағытталған. Бүгін тарихи уақытта шексіз тығыздылық басымдылық алды. Әлем жылдам өзгеруде, адамзат кезекті жол таңдау алдында тұр. Осы таңдау қайда бетбұрады, соған адамзаттың тағдыры тәуелді: даму не тоқырау кезеңі – деді Мемлекет басшысы.

Нұрсұлтан Назарбаев планетаның дамуына қатысты бес негізгі бағытты айқындады: адамның барлық іс-әрекетін цифрландыру, таза энергия жағына әлемдік энергетикалық революция қозғалысын бағыттау, планетадағы адам санының жылдам көбеюі, урбанизация темпі және сипатының өзгеруі, еңбек нарығының жаһанды трансформациялануы.

Форум экономикалық идеялар және практиканы байланыстыратын халықаралық алаң ретінде қалыптасты. 10 жыл ішінде осы іс-шараға 150 астам елдің елу мың делегаты қатысты. Форумның тиімділігі – әлемде және елдегі экономикалық саясаттың күн тәртібін қалыптастыруға арналған жаңа идеялармен алмасу және халықаралық инвесторларды тарту.

 ҚМИУ баспасөз қызметі

Ғаламтор материалдары қолданылған