“Осыдан жарты ғасыр бұрын, кезінде жоғары техникалық оқу орны атанған осы университетті бітіріп, өндіріске жолдама алған түлектердің қатарында өзімнің де болғанымды мен әрдәйым зор мақтаныш сезіммен еске алып жүремін.”

Н. Ә. Назарбаев

Ректордың блогы

Қарағанды мемлекеттік индустриялық университеті – тау-кен және металлургия саласына арналған жоғары білікті кадрлард...

Толығырақ »

Жаңалықтар

Архив

Конференциялар

Архив

АҚШ ректорлар форумы

[жариялау күні: 30.05.2018, 14:17:16, жариялауды: Баспасөз-орталығы]

Америка Құрама Штаттарында NAFSA конференциясы және ректорлар форумы өтуде, оған Қарағанды мемлекеттік индустриялық университетінің ректоры Б. А. Жаутиков қатысуда.

Кеше 29 мамыр күні Пенсильванияда Annual Conference & Expo 2018 NAFSA конференциясы басталды. Қарағанды мемлекеттік индустриялық университеті және Michigan State University арасындағы ынтымақтастық келісіміне қол қойылды. Бұл құжат ҚМИУ студенттеріне шетелде өзара тиімді оқыту процестерін дамытуға бағытталған Американдық семестр (ASP )бағдарламасына қатысуға мүмкіндік береді. Енді  ҚМИУ өзінің студенттерін Michigan State University бір оқу семестріне, оқу жылына не жазғы қысқамерзімді курстарға жібере алады.

Бүгін ректорлар кездесуі Pennsylvania State University өтуде. Спикерлер арасында – Халықаралық білім институты, ҚР Білім және ғылым министрлігінің өкілдері, АҚШ және Қазақстан университеттерінің ректорлары бар.

ҚМИУ баспасөз қызметі