“Осыдан жарты ғасыр бұрын, кезінде жоғары техникалық оқу орны атанған осы университетті бітіріп, өндіріске жолдама алған түлектердің қатарында өзімнің де болғанымды мен әрдәйым зор мақтаныш сезіммен еске алып жүремін.”

Н. Ә. Назарбаев

Ректордың блогы

Қарағанды мемлекеттік индустриялық университеті – тау-кен және металлургия саласына арналған жоғары білікті кадрлард...

Толығырақ »

Жаңалықтар

Архив

  • 06.06.2018: «Менің отанымның рәміздері» 

    Қалалық зияткерлік ойын «Менің отанымның рәміздері» 4 маусым күні ҚМИУ өткізілді. Қатысушылар – Теміртау қ. колледж студенттері – өздерінің мемлекеттік рәміздерге қатысты білімдерін және Қазақстанн...
  • 04.06.2018: ҚМИУ студенттері қоғамдық орындарда Қазақстанның әнұранын орындады

    Акция Қазақстан Республикасының мемлекеттік рәміздер күні және Астана қ. 20 жылдық мерейтойы қарсаңында Теміртау қаласының Ішкі саясат бөлімінің қолдауымен, қаланың бірнеше қоғамдық орындарында ұйы...
  • 04.06.2018: Барлығына арналған жаңа оқулықтар

    ҚМИУ ғылыми кітапханасы барлық студенттер және оқытушыларды «Жаңа гуманитарлық білім. Қазақ тіліндегі 100 оқулық» бағдарламасы шеңберінде келіп түскен жаңа кітаптармен танысуға шақырады. Оқулықтар ...
  • 31.05.2018: Есте сақтау үшін!

    30 мамырда қалалық тарихи-өлкетану мұражайында Саяси қуғын-сүргін құрбандарын еске алу күніне арналған «Төңкерілген әлем: мұрағат құжаттары сөйлейді» атты сұхбат алаңы өтті. Іс-шараға ҚМИУ студентт...
  • 31.05.2018: Форум жалғасуда 

    Филадельфияда екінші қазақстан-американдық университетінің ректорларының форумы жалғауда. Қазақстан делегациясының құрамында ҚР БҒМ вице-министрі А. Аймағамбетов, «Халықаралық бағдарламалар орталы...
  • 31.05.2018: Қазақ тіліндегі жаңа оқулықтар – әлемдік әдебиеттерге қатысты қолжетімділік

    Экономика, менеджмент, социология, философия, кәсіпкерлік, лингвистике, психология, дінтану, журналистика, антропология бойынша он сегіз оқулық «Жаңа гуманитарлық білім. Қазақ тіліндегі 100 жаңа оқ...
  • 31.05.2018: Назар аударыңыз!

    Назар аударыңыз! 1 маусымнан бастап 20 маусымға дейін ҚМИУ Қабылдау комиссиясы кешенді тестілеуге арналған құжаттарды қабылдайды. Тел. 91-42-34. ...
  • 30.05.2018: АҚШ ректорлар форумы

    Америка Құрама Штаттарында NAFSA конференциясы және ректорлар форумы өтуде, оған Қарағанды мемлекеттік индустриялық университетінің ректоры Б. А. Жаутиков қатысуда. Кеше 29 мамыр күні Пенсильвания...
  • 29.05.2018: Біздің қонақтар

    Қарағанды мемлекеттік индустриялық университетіне шетелдік қонақтар – халықаралық білімдік «Синергия» жобасының қатысушылары болды. Халықаралық университеттік желісті «Синергия» жобасы – бұл замана...
  • 29.05.2018: Болашақ мамандықты таңдау

    Қарағанды мемлекеттік индустриялық университетінің өкілдері 26 мамыр күні Нұра ауданының Киевка кентінің мектептерінің 11 сынып оқушыларымен кездесті. Мұндай кездесулер «Болашақ мамандықты таңдау» ...

Конференциялар

Архив

Есте сақтау үшін!

[жариялау күні: 31.05.2018, 16:19:06, жариялауды: Баспасөз-орталығы]

30 мамырда қалалық тарихи-өлкетану мұражайында Саяси қуғын-сүргін құрбандарын еске алу күніне арналған «Төңкерілген әлем: мұрағат құжаттары сөйлейді» атты сұхбат алаңы өтті. Іс-шараға ҚМИУ студенттері белсенді қатысты.

Сұхбат алаңына қатысушылар қуғын-сүргінге ұшыраған және бірнеше жылдан кейін ақталған барлық теміртаулықтардың есімдері бар бірегей құжаттарды көрсетті. Бұрын ешкім осындай санақ жүргізбеген, сондықтан мұражай қызметкерлеріне Ұлттық қауіпсіздік комитеті арқылы біраз ақпарат жинауға тура келді. Бірегей тізіміндегі 189 есімнен – 42 адам ату жазасына кесілді (олардың аты-жөні қызылмен сызылған), қалғандары Сталиндік лагерьлерде 15 жылдан 25 жылға дейін түрмеге жабылды.

189 – саны Теміртау қаласынан бастау алған шағын Самарқан кенті үшін өте үлкен. Қуғын-сүргінге ұшырағандардың есімдері ұмыт болған. Бұл адамдар туралы ақпарат әзірге қысқа құрғақ мұрағат анықтамаларында ғана бар. Тізім еш жерде және ешқашан жарияланбаған, сондықтан мұражай қызметкерлері ҚМИУ студенттеріне бұл адамдар мен олардың жақындарына қатысты қандай да бір ақпаратты табуға болатын іздеу үйірмесін ұйымдастыруды ұсынды.

Сұхбат алаңының аясында бірқатар мәселелер айтылды, соның ішінде:

– қуғын-сүргін аяқталғаннан кейін онжылдық өткен соң көтерудің және тоталитаризм дәуіріне қатысты мұрағаттық құжаттарды жариялаудың мағынасы бар ма?

– қуғын-сүргін шараларын ақтауға бола ма? Тұтқындар күшімен көптеген өнеркәсіптік нысандар салынды, солай мүмкін мақсат қаражатты ақтайды ма?

– жаппай қуғын-сүргін және ауыр жазалау шараларын қолдану немен байланысты?

– Сталиндік қуғын-сүргін мен ҚР халқының этникалық құрамы бір-бірімен қалай байланысты?

– 1937-38 жылдарында сіз үшін әдеттегі қандай әрекеттерге сіз сотталуыңыз мүмкін едіңіз?

– жақындарыңызға сталиндік қуғын-сүргін туралы айтар ме едіңіз? Сіздің отбасыңызда қуғын-сүргінге ұшыраған бар ма?

Пікірталастарға ҚМИУ студенттері белсене қатысты және осы тақырыптың маңыздылығын атап өтті. Түрлі ұлт өкілдері Земфира Атакулова, Савелий Елефтериади және Леонид Ким қуғын-сүргінге ұшыраған және Қазақстанға көшірілген өз ата-бабаларының тарихы туралы айтты.

ҚМИУ баспасөз қызметі