“Осыдан жарты ғасыр бұрын, кезінде жоғары техникалық оқу орны атанған осы университетті бітіріп, өндіріске жолдама алған түлектердің қатарында өзімнің де болғанымды мен әрдәйым зор мақтаныш сезіммен еске алып жүремін.”

Н. Ә. Назарбаев

Ректордың блогы

Қарағанды мемлекеттік индустриялық университеті – тау-кен және металлургия саласына арналған жоғары білікті кадрлард...

Толығырақ »

Жаңалықтар

Архив

Конференциялар

Архив

ҚМИУ студенттері республикалық пәндік олимпиаданың көшбасшылары болды

[жариялау күні: 16.04.2018, 15:21:36, жариялауды: Баспасөз-орталығы]

Металлургия саласы бойынша мамандарды дайындау саласындағы республикалық оқу орындарының ішінде базалық оқу орны саналатын Қарағанды мемлекеттік индустриялық университетінде 13 сәуір күні жыл сайынғы «Металлургия» және «Металдарды қысыммен өңдеу технологиясы» мамандықтары бойынша Республикалық пәндік олимпиаданың екінші туры өткізілді.

ҚМИУ оқу үрдісінің ерекшелігіне қолданыстағы заманауи оқу-ғылыми зертханалық базалары, оның ішінде еліміздегі жалғыз жартылай өндірісті агрегатты және қондырғылар орналасқан тәжірибелі-өнеркәсіпті жұмыс жасайтын алаң жатады. Университетте барлығы 59 мамандандырылған зертханалар орналасқан, бұл студенттерге ғылыми-зерттеу жұмыстарын орындауға мүмкіндік береді. Университет жанында Металлургиялық орталық құрамында 12 зертхана, оның ішінде «Электронды микроскопия және нанотехнологиялар» инженерлі бейінді зертхана жұмыс жасайды. Онда Қ. Сатпаев атындағы ҚазҒЗТУ, ҚарМТУ және басқада жоғары оқу орындарының магистранттары машықтанудан өтеді.

Практика базаларын дамыту және әрі қарай ҚМИУ студенттерін жұмысқа орналастыру мақсатында мынандай өнеркәсіпті кәсіпорындар және компаниялармен: «Арселор Миттал Теміртау» АҚ, «Қазақмыс Корпорациясы» ЖШС, «ТНК «Қазхром ТҒК» АҚ, «Жезқазған мыс байыту зауыты» «Central Asia Cement» АҚ, Соколов-Сарбай КБӨБ, «Силициум Қазақстан» ЖШС, «Ақтөбе рельсті арқалық зауыты» және көптеген т.б. тығыз байланыстар орнатылған.

Жыл  сайын «Металлургия» және «Металдарды қысыммен өңдеу технологиясы» мамандықтары бойынша Республикалық пәндік олимпиада республикалық студенттік олимпиадалар шеңберінде және талантты жастарға қолдау көрсету мақсатында өткізіледі. Осы олимпиада қортындысы бойынша халықаралық олимпиадаға қатысатын команда құрылады.

Олимпиаданың бірінші кезеңі жоғары оқу орындарында өтеді. Оның қортындысы бойынша ректор бұйрығымен бекітілген жоғары оқу орнының конкурстық комиссиясы  үздік студенттерді таңдайды және базалық оқу орына екінші кезеңге қатысу үшін жібереді.

Олимпиаданың екінші кезеңіне барлығы 17 команда қатысты. Олардың ішінде ҚМИУ, К.Жұбанов атындағы Ақтөбе өңірлік мемлекеттік университеті, Д.Серікбаев атындағы Шығыс-Қазақстан мемлекеттік техникалық университеті, ҚарМТУ, С.Торайғыров атындағы Павлодар мемлекеттік университеті, М. Әуезов атындағы Оңтүстік-Қазақстан мемлекеттік университеті, Қ. Сатпаев атындағы Екібастұз инженерлі-техникалық институты, Байқоңыров атындағы Жезқазған университеттерінің өкілдері қатысты.

Қатысушылар теориялық сұраққа жауап бергеннен кейін күрделі есептерді шешті, бұл бірнеше сағатқа созылды, конкурстық комиссия қортынды шығарды.

«Металлургия» мамандығы бойынша бірінші орын – ҚМИУ, екінші орын – Жұбанов атындағы Ақтөбе өңірлік мемлекеттік университетіне, үшінші орын – Серікбаев атындағы Шығыс-Қазақстан мемлекеттік техникалық университетінің командаларына берілді.

«Металдарды қысыммен өңдеу технологиясы» мамандықтары бойынша бірінші және екінші орынды ҚМИУ және үшінші орынды ҚарМТУ командалары иеленді.

Қортындыларды талқылау нәтижелері бойынша «Металлургия» мамандығы бойынша конкурстық комиссия келесі студенттерді: I дәрежелі дипломмен – Д. Сайлауов (КМИУ); IІ дәрежелі дипломмен – М. Кулмурза (К. Жұбанов атындағы АӨМУ) және А. Малыбаева (Д. Серікбаев атындағы ШҚМТУ), IІІ дәрежелі дипломмен – Д. Арыстанова (ҚарМТУ), З. Абдрахманова (Д. Серікбаев атындағы ШҚМТУ), және А. Болусбекова (С.Торайғыров атындағы ПМУ) марапаттады.

«Металдарды қысыммен өңдеу технологиясы» мамандықтары бойынша: I дәрежелі дипломмен – А. Каныбек (КМИУ), IІ– Г. Заит (КМИУ) и М. Камбар (КГИУ); III дәрежелі дипломмен – Д. Дюсембаев (ҚарМТУ), А. Тымченко (КМИУ) және М. Орынбасаров (ҚарМТУ) марапатталды.

Олимпиада қатысушылары іс-шараның маңыздылығын, оның кәсіби деңгейді және шекті ойлау қабілетін қалыптастыруға үлкен әсер ететінін ерекше атап өтті.

ҚМИУ баспасөз қызметі