“Осыдан жарты ғасыр бұрын, кезінде жоғары техникалық оқу орны атанған осы университетті бітіріп, өндіріске жолдама алған түлектердің қатарында өзімнің де болғанымды мен әрдәйым зор мақтаныш сезіммен еске алып жүремін.”

Н. Ә. Назарбаев

Ректордың блогы

Қарағанды мемлекеттік индустриялық университеті – тау-кен және металлургия саласына арналған жоғары білікті кадрлард...

Толығырақ »

Жаңалықтар

Архив

Конференциялар

Архив

Ғылым күнімен!

[жариялау күні: 12.04.2018, 09:39:27, жариялауды: Әкімшілік]

Қарағанды мемлекеттік индустриялық университетінің құрметті қызметкерлері, студенттері және қонақтары! Сіздерді ғылым қызметкерлері Күнімен шын жүректен құттықтаймын!

Қазақстанда заманауи ғылым мемлекеттің қолдауымен және қамқорлығымен дамуда. Ғылыми салаларды қаржыландыру, халықаралық байланыстар саны өсуде, халықаралық ақпараттық ресурстарға қол жеткізу мүмкіндігі көбеюде, елдің жоғары оқу орындары ғылыми қызметке барған сайын көбірек тартылуда. Мемлекет дамуының басым міндеттерінің бірі – 2050 жылға дейін Қазақстанның әлемнің дамыған 30 мемлекетінің қатарына кіру. Осы мақсатқа жетуде Мемлекет Басшысы ғылымның жоғары рөлін атап өтті.

Дәл Ғылым қызметкерлері күнінде ҚМИУ-да «Жастардың Төртінші өнеркәсіптік революция әлеміндегі ғылыми шығармашылығы» атты XLVIII Республикалық ғылыми-практикалық конференция жұмысы басталды. Іс-шараға Қазақстанның және шет елдердің жоғары оқу орындарының ғалымдары, білім беру мекемелері мен кәсіпорындарының өкілдері, ғылым докторлары, магистранттар, студенттер мен оқушылар қатысады. Ал, 13 наурыз күні біздің университетте «Металлургия» және  «Материалдарды қысыммен өңдеу технологиясы» мамандықтары бойынша жыл сайынғы Республикалық пәндік олимпиаданың II туры өтеді. Барлық қатысушыларға жаңа биіктерді бағындыруда жетістіктер мен табыстар тілейміз!

ҚМИУ ректоры,

т.ғ.д., профессор Б. А. Жәутіков

12.04.2018, 09:39:27, Әкімшілік Тараулар: Жаңалықтар