“Осыдан жарты ғасыр бұрын, кезінде жоғары техникалық оқу орны атанған осы университетті бітіріп, өндіріске жолдама алған түлектердің қатарында өзімнің де болғанымды мен әрдәйым зор мақтаныш сезіммен еске алып жүремін.”

Н. Ә. Назарбаев

Ректордың блогы

Қарағанды мемлекеттік индустриялық университеті – тау-кен және металлургия саласына арналған жоғары білікті кадрлард...

Толығырақ »

Жаңалықтар

Архив

Конференциялар

Архив

Жемқорлықпен күрес – әркімнің ісі

[жариялау күні: 13.04.2018, 10:24:07, жариялауды: Баспасөз-орталығы]

ҚМИУ-да «Адал жол – Чистый путь» республикалық марафоны шеңберінде сыбайлас жемқорлыққа қарсы квест өтті. 11 сәуірде Теміртаудың әртүрлі колледждерінің жеті командасы жемқорлықпен қалай күресу екендігін айтты және көрсетті.

Теміртау қ. ішкі саясат бөлімімен бірге ҚМИУ ұйымдастырған квестке Сауда және тамақтану колледжі, Медициналық колледж, «Мирас» көпсалалы колледжі, Кәсіби-техникалық колледж, Өндірістік-технологиялық колледж, Техникалық колледж және Жоғары политехникалық колледж студенттері қатысты.

Қазылар алқасының құрамына: Теміртау қ. ішкі саясат бөлімінің басшысы Д.Н.Жүнісова, Теміртау қ. әкім аппаратының мемлекеттік-құқықтық бөлімінің басшысы Е.Ж.Гомаров, Қазақстан журналистер Одағының мүшесі Т.С.Войтенко, ҚМИУ “Қазақстан тарихы және әлеуметтік-гуманитарлық пәндер” кафедрасының оқытушысы Д.К.Жанабергенова мен ҚМИУ заңгері О.М. Шалбарбаев кірді.

Квесттің негізгі мақсаттары мен міндеттері – жастар бойында сыбайлас жемқорлыққа қарсы мінез-құлық дағдыларын, күнделікті өмірде жемқорлық көріністеріне төзбеушілік қалыптастыру, сыбайлас жемқорлыққа қарсы дағдыларды енгізу, адалдық пен парасаттылыққа тәрбиелеу.

Бірінші кезеңде командалар сыбайлас жемқорлыққа қарсы тақырыптар бойынша сұрақтарға дұрыс жауап беруі қажет болды. Мысалы, «Жемқорлықпен күрес туралы» ҚР Заңы қашан қабылданды, кім жемқорлыққа қарсы іс-қимыл субъектісі болып табылады, кім табысы мен мүлкі туралы декларацияны беруге міндетті?

Екінші кезеңде қатысушылар «сыбайлас жемқорлыққа қарсы басқатырғыштар» жинады. Үшінші кезеңде қатысушылардың бірі бірдей түбірлік сөздерді айтпай түсіндірген сөздерді шешті. Бұдан әрі колледж студенттерін “Сот әділдігі” тақырыбында филворд күтті, онда олар қандай қадағалау органы азаматтар мен лауазымды тұлғалардың іс-әрекеттер заңдылығына бақылау жүргізеді,  лауазымды тұлғалармен қабылданатын іс-әрекет немесе әрекетсіздіктер материалдық құндылықтары, істеген әрекеті үшін жасалатын төлемдер қалай аталады және т.б. әрі қарай жауап беруі керек болатын.

“Пара беру” көрермендермен ойын шулы және қызықты болды. Біреу ақшаларын жасырды, ал біреу – оларды іздеді. Қатысушылар пара беру немесе пара іздеу – оңай міндет емес екендігін өздері сезініп көрді.

Келесі кезең кезінде экранда әртүрлі заңсыз жағдайлар көрсетілді, ал қатысушылар жемқорлықтың түрін анықтады. Енді колледж студенттері, егер қалалық әкімшілігі кәсіпкердің өтініші бойынша жер учаскесі жөнінде мәселені шешуді ұзақ уақыт мерзімде кешіктірсе, онда ол әуре-сарсаңға салушылық, ал егер тегін ұсынылатын дәрі-дәрмектерді таратуға жауапты қандай да бір мемлекеттік қызметкер дәрі-дәрмектердің бір бөлігін жеке дәріханаларға  жоғары бағамен әрі қарай іске асыру үшін жіберсе – бұл ысырап екендігін нақты біледі.

Соңғы кезеңі сыбайлас жемқорлыққа қарсы тақырып бойынша 7 минуттық плакаттың құрастырылуы, оған қоса ширек жазуы және таныстырылымы болды.

Қазылар алқасының жиынынан кейін қорытынды жарияланды:

1-ші орынды Теміртау жоғары политехникалық колледжінің “Құқық қорғаушылары” командасы иеленді;

2 орын – Теміртау индустриалды-технологиялық колледжінің “Неспор” командасында;

3-орынды Теміртау “Мирас” көпсалалы колледжінің “Операция Ы в Темиртау” командасы алды.

Жеңімпаздарға естелік сыйлықтар мен грамоталар, барлық қатысушыларға  – дипломдар, ал командаларды дайындаған басшыларына алғыс хаттар табысталды.

Іс-шара соңында жүргізушілер қатысушыларға жемқорлық – екі жақты қозғалысы бар көшелер екенін есіне салды: егер алатын адам бар болса, онда міндетті түрде беретін адамда бар. Барлық бағыттарда күресу қажет. Жемқорлықпен күресу – әркімнің ісі.

ҚМИУ баспасөз қызметі