“Осыдан жарты ғасыр бұрын, кезінде жоғары техникалық оқу орны атанған осы университетті бітіріп, өндіріске жолдама алған түлектердің қатарында өзімнің де болғанымды мен әрдәйім зор мақтаныш сезіммен еске алып жүремін.”

Н. Ә. Назарбаев

Ректордың блогы

Қарағанды мемлекеттік индустриялық университеті – тау-кен және металлургия саласына арналған жоғары білікті кадрлард...

Толығырақ »

Жаңалықтар

Архив

Конференциялар

Архив

Қазақ халқының ұлы тұлғасы

[жариялау күні: 01.03.2018, 17:17:29, жариялауды: Әкімшілік]

 

“Мәңгілік ел жастары – индустрияға!” – “Серпін”  мемлекеттік әлеуметтік жобасы бойынша ҚМИУ-да оқитын 142 техникалық мамандықтың студенттері Қазақ ойшылының 350 жылдығына арналған “Қаз дауысты Қазыбек би” қойылымында болды. 

Қарағанды облыстық С. Сейфуллин ат. Қазақ драма театрының қойылымы Теміртау қаласында «Жас көрермендер» театрының  сахнасында өтті. Сапар ұйымдастырушысы «Энергетика, көлік және бақылау жүйелері» факультетінің декан орынбасары Ж.К. Қапашева болды.

– Осындай қойылымдарда тарих желісі анық байқалады, сондай-ақ  қоғамдық сананы жаңғыртуға бағытталған қазақ халқының құндылықтары, – дейді Жания Құдайбергенқызы. – Қазақ халқының ұлы тұлғасының қызметі мен шығармашылығы, оның мемлекет тарихындағы маңыздылығы мен құқығы туралы қойылым біздің студенттерімізді бей-жай қалдырмады. Олар ойшылдың шешендік өнеріне және оның жеке басына қатысты көптеген жаңа тарихи деректерді ашты.

 ҚМИУ баспасөз қызметі