“Осыдан жарты ғасыр бұрын, кезінде жоғары техникалық оқу орны атанған осы университетті бітіріп, өндіріске жолдама алған түлектердің қатарында өзімнің де болғанымды мен әрдәйым зор мақтаныш сезіммен еске алып жүремін.”

Н. Ә. Назарбаев

Ректордың блогы

Қарағанды мемлекеттік индустриялық университеті – тау-кен және металлургия саласына арналған жоғары білікті кадрлард...

Толығырақ »

Жаңалықтар

Архив

Конференциялар

Архив

Михайл Остроградский атындағы Кременчук ұлттық университетімен (Украина)бірге өткізілетін  «Төртінші өнеркәсіптік революция әлеміндегі жастардың ғылыми шығармашылығы» атты  XLVIII Республикалық ғылыми-практикалық конференция жұмысына қатысуға шақырады

[жариялау күні: 22.02.2018, 09:08:38, жариялауды: Әкімшілік]

Қарағанды мемлекеттік индустриялық университеті

2018 жылы 12-13 сәуір аралығында

Михайл Остроградский атындағы

Кременчук ұлттық университетімен (Украина)бірге өткізілетін

 «Төртінші өнеркәсіптік революция әлеміндегі жастардың ғылыми шығармашылығы» атты

 XLVIII Республикалық ғылыми-практикалық конференция

жұмысына қатысуға шақырады

 

АҚПАРАТТЫҚ ХАБАРЛАМА

 

Конференция мақсаты – білім, технология, техника, құрылыс, экономика, металлургия салаларындағы  ғылыми зерттеу мәселелерін талқылау. Сонымен бірге оларды ғылым мен практикада қолдануға арналған практикалық ұсыныстарды ұсыну.

 

КОНФЕРЕНЦИЯ ЖҰМЫСЫНЫҢ БАҒЫТТАРЫ:

  1. «Металлургия және металтану саласын дамытудағы инновациялар» секциясы
  2. «Машинажасау технологиясының өзекті мәселелер» секциясы
  3. «Химия, химиялық технология және экология» секциясы
  4. «Жылуоэнергетика, электрэнергетика және өндірісті автоматтандыру» секциясы
  5. «Заманауи физика-математикалық ғылымдар және ақпараттық технологиялар» секциясы
  6. «Архитектура және құрылыс» секциясы
  7. «Әлемдік экономиканы жаһандандыру жағдайында Қазақстандағы бизнесті дамыту» секциясы
  8. «Қоғамдық сананы жаңғыртудағы әлеуметтік-гуманитарлық пәндер рөлі» секциясы
  9. «Филологиялық ғылымдар» секциясы

 

КОНФЕРЕНЦИЯНЫҢ НЕГІЗГІ КҮНДЕРІ:

Өткізілетін күні:
2018 жылдың 12 сәуірі – конференцияға қатысушыларды тіркеу;

2018 жылдың 12-13 сәуірінде – конференция жұмысын ұйымдастыру және өткізу.

Өткізілетін орын:

101400, Қазақстан, Қарағанды облысы, Теміртау қ., Республика даңғылы, 30, Қарағанды мемлекеттік индустриялық университеті. Анықтама телефоны: +7 (7213) 92 05 94

 

КОНФЕРЕНЦИЯ ШАРТЫ:

Конференция жұмысына оқушылар, студенттер, магистранттар, докторанттар, жасы 35 жастан үлкен емес, жас ғалымдар қатыса алады. Конференцияның рәсми тілдері – қазақ, орыс, ағылшын. Конференция жұмысына конференция тақырыбына сәйкесті және фундаменталды және инженерлік ғылымдарға арналған өзекті теориялық және практикалық мәнді баяндама форматында рәсімделген аяқталған ғылыми-зерттеу жұмыстары қабылданады.

Конференция онлайн-трансляция түрінде өткізіледі. Бейнеконференция жұмысына қатысуға арналған өтінімді барлық оқу орындары 2017 жылдың 2 сәуіріне дейінгі мерзімде мына электронды мекен-жайға:  info@kgiu.kz жіберулері қажет.

«Төртінші өнеркәсіптік революция әлеміндегі жастардың ғылыми шығармашылығы» XLVIII Республикалық ғылыми-практикалық конференцияның өтуі туралы толық ақпаратты kgiu.kz сайтынан алуға болады. 

 

 

  

«Төртінші өнеркәсіптік революция әлеміндегі жастардың ғылыми шығармашылығы» атты

 XLVIII Республикалық ғылыми-практикалық конференция

жұмысына қатысуға арналған

 

ӨТІНІМ

 

Автордың (қосалқы авторлардың) тегі, аты-жөні  
Секция атауы  
Мақала атауы  
Лауазымы және жұмыс орыны (ұйым)  
Ғылыми дәрежесі, ғылыми атағы  
Байланыс  телефоны  
E-mail  
Мекен-жайы