"Осыдан жарты ғасыр бұрын, кезінде жоғары техникалық оқу орны атанған осы университетті бітіріп, өндіріске жолдама алған түлектердің қатарында өзімнің де болғанымды мен әрдәйім зор мақтаныш сезіммен еске алып жүремін.".

Н. А. Назарбаев

Ректордың блогы

Қарағанды мемлекеттік индустриялық университеті – тау-кен және металлургия саласына арналған жоғары білікті кадрлард...

Толығырақ »

Жаңалықтар

Архив

  • 16.02.2018: Барлығы жәрмеңкеге

    Мемлекеттік қызмет көрсету сапасын бақылау бөлімі 13 ақпанда ҚМИУ ғимаратында Теміртау қаласының әкімі аппаратының бастамасымен мемлекеттік қызмет жәрмеңкесін өткізді. Халықты көбірек қамту үшін бұ...
  • 15.02.2018: Университетте қала әкімінің халықпен кездесуі өтті

    Қарағанды мемлекеттік индустриялық университетінде 13 ақпанда Теміртау қаласының әкімі Ғалым Әшімовтің тұрғындармен есеп беру кездесуі өтті.      Оған Қазақстан Республикасы Президенті Әкімш...
  • 14.02.2018: ҚМИУ құрамасы “Ертіс”лигасына шықты

    11 ақпанда Павлодарда  КТК ХХV аймақтық фестивалі өтті, оның қорытындысы бойынша жиырма сегіз командадан он бес команда қатысушылары, соның ішінде ҚМИУ құрамасы “Александр Масляков және компан...
  • 12.02.2018: Геолог – осындай мамандық бар

    Тау-кен ғылымдары Академиясының қолдауымен РҒА Вернадский ат. Мемлекеттік геологиялық мұражай базасында тау-кен – геологиялық бейіндегі мамандықтар бойынша ЖОО аралық Академиялық навигация Орталығы...
  • 09.02.2018: Уважаемые студенты!

    В целях обеспечения верховенства Конституции Республики Казахстан и ее популяризации в обществе, воспитания конституционного патриотизма, формирования конституционной культуры, Конституционный Совет Р...
  • 08.02.2018: Уважаемые студенты!

    Қазақстан Республикасының Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл Агенттігі өскелең ұрпақтың арасында жүріс-тұрыстың нормалары болуға тиіс сыбайлас жемқорлыққа төзбеушілі...
  • 07.02.2018: Біздің дебатшылар Балқаштан оралды

    3-4 ақпанда Балқаш қ. «Қазақмыс» корпорациясының политехникалық колледжінде студенттер арасында республикалық пікірталас турнирі өтті. Оған Қарағанды мемлекеттік индустриялық университетінің студен...
  • 06.02.2018: Кітап интернеттен жақсы

                  ҚМИУ кітапханасының басшылығы мен қызметкерлері дайындаған «Жаңа әдебиеттер» атты кітаптардың ашық көрмесі аяқталды. Үш күнде көрмеге жүзден астам...
  • 02.02.2018: Қарағанды мемлекеттік индустриялық университетінің он студенті Чехиядан оралды

        ҚМИУ-дің барлық үш факультеттің өкілдері күзгі семестр аралығында  “Академиялық ұтқырлық” бағдарламасы бойынша Острава қ. Техникалық университетінде оқыды.  Бағдарламаға...
  • 01.02.2018: Барлық тілдердегі жаңа әдебиеттер – ҚМИУ кітапханасында

      ҚМИУ кітапханасының оқу залында 31 қаңтардан 2 ақпанға дейін профессорлық-оқытушылық құрамы мен барлық курстардағы студенттерге арналған «Жаңа әдебиеттер» ашық көрмесі өтеді.  Бұл көрме ағым...

Конференциялар

Архив

ҚМИУ Ресей жоғары оқу орындарымен төрт шартқа қол қойды

[жариялау күні: 14.11.2017, 18:29:53, жариялауды: Әкімшілік]

 

Екі елдің өңіраралық өзара іс-қимыл XIV форумы аясында 8 желтоқсан күні Челябинскте өткен жоғары оқу орындарының ректорлары форумында Ресей мен Қазақстанның үш жүзден астам өкілдері кездесті. Жүздесу барысында білім беру бастамалары, университеттер арасындағы жаңа байланыстар орнату жəне ынтымақтастық туралы келісімге қол қою, білім беру мен ғылым салаларын дамытуға бағытталған негізгі тақырыптарды талқылау болды.

 

IMG-20171108-WA0034Еуразияның ірі жоғары оқу орнының бірінде – Оңтүстік-Орал мемлекеттік университетінде (ОңтОрМУ) өткен форумға ресейлік жоғары оқу орнынан 77 және қазақстандық ЖОО 49 ректорлар қатысты. Дәл ОңтОрМУ таңдалуы кездейсоқ емес, себебі онда шамамен үш жарым мың қазақ студенттері білім алуда,  15 қазақстандық профессорлар мен доценттер дәрістер оқиды, 45 қазақстандық жас ғалымдар ғылыми зерттеулер жүргізеді.

РФ білім және ғылым Министрі Ольга Васильева өз сөзінде адами капиталды қалыптастыруда негізгі рөлді жоғары білім атқаратынын атай отырып, ол қазіргі талаптарға сай болу керектігін көрсетті. «Мұндай кездесудің мағынасы өте ұлы. Біздің форумның ауқымы ұлтаралық байланысты дамыту мен ынтымақтастықтың жаңа нысандарын іздестіруде қызығушылықтары жоғары деңгейде екенін куәландырады», – деді ол іс-шаралар қатысушыларына арнаған сөзінде.IMG-20171108-WA0046

Қазақстан Республикасы білім және ғылым Министр Ерлан Сағадиев, форумда  сөйлеген сөзінде іргелі ғылым  дамыту саласында университеттер арасындағы неғұрлым өзара тығыз  қарым-қатынаста ғылыми кадрлар дайындауға,  кәсіптік білім беруді жетілдіруге шақырды және жаһандық бәсекелестік күресте кім озық адами капиталға ие болса, сол жеңімпаз атанатындығын атап көрсетті.

IMG-20171108-WA0037Қазақстан Республикасын таныстырғандардың бірі Қарағанды мемлекеттік индустриялық университетінің ректоры, техника ғылымдарының докторы, профессор Жаутиков Бахыт болды.

– Форум бағдарламасы сессиялар мен пленарлық отырыс жұмыстарын қамтитын екі топтамадан тұрды. Біз әріптестерімізбен жоғары оқу орындарының инновациялық қызметті ынталандыру және дамыту мәселелерін, адам капиталының бәсекеге қабілеттілігін арттыруды,  сондай-ақ Ресей мен Қазақстан университеттерінің стратегиялық әріптестік тақырыбын талқыладық, – деді Бахыт Ахатұлы. – Мұның барлығы, ынтымақтастықты жеделдететініне және оның сапасын күшейтетіне мен сенімдімін. Форумда біздің жоғары оқу орны Носов атындағы ММТУ, сондай-ақ Оңтүстік-Орал, Тюмень және Челябинск мемлекеттік университеттерімен меморандумға қол қойды.IMG-20171108-WA0047

Барлық жасалған меморандумдар, бірлескен ғылыми зерттеулер жүргізу мәселелері бойынша білім мен ғылымды интеграциялауды тереңдету мен кеңейтуге және Қазақстан Республикасы мен Ресей Федерациясының басым бағыттар бойынша әзірлемелерге бағытталған. Сонымен қатар, меморандумдар арқылы ғылыми-техникалық өнімді практикалық іске асыру, ғылыми, ғылыми-педагогикалық, инженерлік-техникалық кадрлар біліктілігін даярлау және арттыру жүргізіледі. Ғылыми-зерттеу, ғылыми-өндірістік және басқа да көптеген құрылымдар дамиды.

IMG-20171108-WA0040Форумның қорытындысы бойынша Қазақстан мен Ресейдің жоғары оқу орындары білім беру және ғылым саласындағы ынтымақтастықты дамытуға бағытталған, барлығы 40 екіжақты келісімдер жасасты. Университеттердің зертханалық-техникалық базасын пайдалану және ортақ жобаларды іске асыру, студенттерді дайындау бойынша бірлескен жұмыс жоспарланған.

 

ҚМИУ баспасөз-қызметі

14.11.2017, 18:29:53, Әкімшілік Тараулар: Жаңалықтар