“Осыдан жарты ғасыр бұрын, кезінде жоғары техникалық оқу орны атанған осы университетті бітіріп, өндіріске жолдама алған түлектердің қатарында өзімнің де болғанымды мен әрдәйым зор мақтаныш сезіммен еске алып жүремін.”

Н. Ә. Назарбаев

Ректордың блогы

Қарағанды мемлекеттік индустриялық университеті – тау-кен және металлургия саласына арналған жоғары білікті кадрлард...

Толығырақ »

Жаңалықтар

Архив

Конференциялар

Архив

ЖЕМҚОРЛЫҚТЫҢ АЛДЫН АЛУ САҒАТЫ

[жариялау күні: 29.11.2017, 11:58:27, жариялауды: Әкімшілік]

 

стоп коррупция29 қарашада Қарағанды мемлекеттік индустриялық университетінде білім беру мекемелерінде сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес жөніндегі мемлекеттік саясат аясында «Сыбайлас жемқорлықтың алдын алу сағаты» өтті. Оған үш жүзге жуық адам қатысты, соның ішінде 1 және 2 курс студенттері және ҚМИУ профессор-оқытушы құрамы.

ҚМИУ тәрбие жұмысы және жастар саясаты Департаментінің директоры Мәдина Салпенова қатысушылар алдында сөз сөйлеп, университеттің жемқорлыққа қарсы іс-қимыл жөніндегі қызметі 2015-2025 жылдарға арналған ҚР сыбайлас жемқорлыққа қарсы стратегиясы, «100 нақты қадам» ұлт Жоспары мен 2017-2018 оқу жылына арналған ҚМИУ жемқорлыққа қарсы мәдениетті қалыптастырудың кешенді жоспары аясында жүзеге асырылатынын айтты. Ол біздің еліміздегі сыбайлас жемқорлыққа қарсы саясаттың маңыздылығын атап өтті.

Мадина Салпенова сыбайлас жемқорлыққа қарсы стратегия мен “100 нақты қадам” ұлт Жоспарындағы алға қойған мақсаттары мен міндеттері туралы мәселелерге, сондай-ақ оларды іске асыру жолдары туралы сұрақтарға толық жауап берді. Іс-шара қатысушыларына сыбайлас жемқорлыққа қарсы азаматтардың төзбеушілігін қалыптастыру бойынша мемлекеттің сыбайлас жемқорлыққа қарсы саясатының негізгі бағыттарын түсіндіру туралы әлеуметтік видеороликтер, сондай-ақ университетте жемқорлықтың алдын алуға бағытталған «Мен жемқорлыққа қарсымын» атты ҚМИУ студенттерінің видеолары таныстырылды.

Іс-шараны қорытындылай келе, ТЖжәнеЖСД директоры ҚМИУ бастапқыда сыбайлас жемқорлыққа қарсы саясат тиімділігін арттыруға бағыт алғанын, сонымен қатар сыбайлас жемқорлық көріністеріне ықпал ететін себептер мен шарттарды жоюға бағытталған алдын-алу жұмыстары басымдыққа айналатынын атап өтті. Сондай-ақ, тақырып бойынша іс-шараларды әрі қарай жалғастыру туралы шешім қабылданды.

Тақырыптық сағатқа қатысушылар Қазақстан Республикасының Президенті Н.Ә.Назарбаев тағайындаған «100 нақты қадам» бағдарламасын толықтай қолдайды және оны жүзеге асыру үшін бар күш-жігерін жұмсайды.

ҚМИУ баспасөз-қызметі

29.11.2017, 11:58:27, Әкімшілік Тараулар: Жаңалықтар