"Осыдан жарты ғасыр бұрын, кезінде жоғары техникалық оқу орны атанған осы университетті бітіріп, өндіріске жолдама алған түлектердің қатарында өзімнің де болғанымды мен әрдәйім зор мақтаныш сезіммен еске алып жүремін.".

Н. А. Назарбаев

Ректордың блогы

Қарағанды мемлекеттік индустриялық университеті – тау-кен және металлургия саласына арналған жоғары білікті кадрлард...

Толығырақ »

Жаңалықтар

Архив

  • 16.02.2018: Барлығы жәрмеңкеге

    Мемлекеттік қызмет көрсету сапасын бақылау бөлімі 13 ақпанда ҚМИУ ғимаратында Теміртау қаласының әкімі аппаратының бастамасымен мемлекеттік қызмет жәрмеңкесін өткізді. Халықты көбірек қамту үшін бұ...
  • 15.02.2018: Университетте қала әкімінің халықпен кездесуі өтті

    Қарағанды мемлекеттік индустриялық университетінде 13 ақпанда Теміртау қаласының әкімі Ғалым Әшімовтің тұрғындармен есеп беру кездесуі өтті.      Оған Қазақстан Республикасы Президенті Әкімш...
  • 14.02.2018: ҚМИУ құрамасы “Ертіс”лигасына шықты

    11 ақпанда Павлодарда  КТК ХХV аймақтық фестивалі өтті, оның қорытындысы бойынша жиырма сегіз командадан он бес команда қатысушылары, соның ішінде ҚМИУ құрамасы “Александр Масляков және компан...
  • 12.02.2018: Геолог – осындай мамандық бар

    Тау-кен ғылымдары Академиясының қолдауымен РҒА Вернадский ат. Мемлекеттік геологиялық мұражай базасында тау-кен – геологиялық бейіндегі мамандықтар бойынша ЖОО аралық Академиялық навигация Орталығы...
  • 09.02.2018: Уважаемые студенты!

    В целях обеспечения верховенства Конституции Республики Казахстан и ее популяризации в обществе, воспитания конституционного патриотизма, формирования конституционной культуры, Конституционный Совет Р...
  • 08.02.2018: Уважаемые студенты!

    Қазақстан Республикасының Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл Агенттігі өскелең ұрпақтың арасында жүріс-тұрыстың нормалары болуға тиіс сыбайлас жемқорлыққа төзбеушілі...
  • 07.02.2018: Біздің дебатшылар Балқаштан оралды

    3-4 ақпанда Балқаш қ. «Қазақмыс» корпорациясының политехникалық колледжінде студенттер арасында республикалық пікірталас турнирі өтті. Оған Қарағанды мемлекеттік индустриялық университетінің студен...
  • 06.02.2018: Кітап интернеттен жақсы

                  ҚМИУ кітапханасының басшылығы мен қызметкерлері дайындаған «Жаңа әдебиеттер» атты кітаптардың ашық көрмесі аяқталды. Үш күнде көрмеге жүзден астам...
  • 02.02.2018: Қарағанды мемлекеттік индустриялық университетінің он студенті Чехиядан оралды

        ҚМИУ-дің барлық үш факультеттің өкілдері күзгі семестр аралығында  “Академиялық ұтқырлық” бағдарламасы бойынша Острава қ. Техникалық университетінде оқыды.  Бағдарламаға...
  • 01.02.2018: Барлық тілдердегі жаңа әдебиеттер – ҚМИУ кітапханасында

      ҚМИУ кітапханасының оқу залында 31 қаңтардан 2 ақпанға дейін профессорлық-оқытушылық құрамы мен барлық курстардағы студенттерге арналған «Жаңа әдебиеттер» ашық көрмесі өтеді.  Бұл көрме ағым...

Конференциялар

Архив

X ПРЕЗИДЕНТТІК ОЛИМПИАДАНЫҢ ЖЕҢІМПАЗДАР ЕСІМДЕРІ АТАЛДЫ

[жариялау күні: 10.11.2017, 19:47:37, жариялауды: Әкімшілік]

 

Қарағанды мемлекеттік индустриялық университетінде 10 қараша күні мерейтойлық Президенттік олимпиаданың салтанатты жабылу рәсімі өткізілді және жеңімпаздар есімдері аталды. Ең көп марапаттарды Алматы қаласы және үш облыс – Шығыс Қазақстан, Қостанай және Оңтүстік Қазақстан спортшылары иеленді.

Екі күн ішінде Қазақстанның он төрт аймағынан және республикалық маңызы бар екі қаладан 163 мықты он бірінші сынып оқушылары төрт пәннен: математика, физика, химия және биологиядан күрделі тапсырмаларды шешті. Оқушылар теориялық және практикалық – екі кезеңге қатысты. Сонымен қатар, олимпиадаға қатысушылар үшін жоспарланған мәдени бағдарлама болған, оған ҚР Тұңғыш Президенті мұражайы мен облыстық тарихи-өлкетану мұражайына, атақты Теміртау қысқы бағына, жас көрермендер театрына бару, сондай-ақ қала көшелерімен серуендеу.

Президенттік олимпиаданың жаратылыстану-математика пәндері бойынша бағыты жыл сайын көптеген оқушыларды тартуда. Тоғыз жыл ішінде оған 1410 адам қатысты, 285 жеңімпаздары мен жүлдегерлері атанды, қазіргі таңда қазақстандық және шетелдік беделді жоо-да оқиды.

Олимпиаданы ұйымдастырушы – ҚР білім және ғылым Министрлігі “Дарын” республикалық ғылыми-практикалық орталығы. Мемлекет Басшысы Нұрсұлтан Назарбаевтың жеке тапсырмасы бойынша Олимпиада 2008 жылдан бері өткізілуде. Оның басты идеясы – дарынды балаларды анықтау және қолдау, патриоттық рухты, мықты, интеллектуалды, жоғары білімді қазақстандық оқушыларын тәрбиелеу, жаратылыстану-математика ғылымдарын тереңдетіп оқыту.

Президенттік олимпиаданың ұйымдастыру комитетінің құрамына ҚР білім және ғылым Министрлігінің, оның ведомстволық бағынысты ұйымдардың, білім беруді басқару органдарының,ҚР жоғары оқу орындарының ректорлар кеңесінің өкілдері кіреді. Қазылар алқасы алдыңғы қатарлы отандық және шетелдік жоғары оқу орындарының ғалымдарынан, халықаралық олимпиадалардың бұрынғы жеңімпаздарынан тұрады.

Президенттік олимпиадаға қазақстандық мектептер түлектерінің қатысуы өздерінің қабілеттерін, білімдерін тереңдету, толық деңгейде жүзеге асыру, жаратылыстану-математикалық бағыттағы пәндерге қызығушылықтарын арттыру мүмкіндігін береді. Олимпиаданың жеңімпаздары мен жүлдегерлері республиканың жоғары оқу орындарына түскен кезде білім беру гранттарын алуға құқығы басым болады.

Олимпиаданың қазылар алқасының шешімі бойынша І дәрежелі дипломмен және алтын медальмен 6 қатысушы марапатталды. Ең көп балл жинағандар Федор Шелестов (№165 мамандандырылған лицейі, Алматы қ.), Олег Ли, (№90 мамандандырылған мектеп-лицейі, Алматы қ.) және Арина Костыря (№5 гимназия, Рудный қ., Қостанай обл.).

II дәрежелі дипломдармен және күміс медальмен 13 адам, III дәрежелі дипломдармен және қола медальдармен – 21 қатысушы марапатталды.

ҚМИУ баспасөз қызметі

IMG_8188IMG_8182IMG_8166

IMG_8178

IMG_8159IMG_8154IMG_8149IMG_8147IMG_8144IMG_8134IMG_8129

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

10.11.2017, 19:47:37, Әкімшілік Тараулар: Жаңалықтар