“Осыдан жарты ғасыр бұрын, кезінде жоғары техникалық оқу орны атанған осы университетті бітіріп, өндіріске жолдама алған түлектердің қатарында өзімнің де болғанымды мен әрдәйым зор мақтаныш сезіммен еске алып жүремін.”

Н. Ә. Назарбаев

Ректордың блогы

Қарағанды мемлекеттік индустриялық университеті – тау-кен және металлургия саласына арналған жоғары білікті кадрлард...

Толығырақ »

Жаңалықтар

Архив

Конференциялар

Архив

ҚАРАҒАНДЫ ОБЛЫСЫНЫҢ ЖЕРГІЛІКТІ ПОЛИЦИЯ ҚЫЗМЕТІ ЖӘНЕ ТЕМІРТАУ ҚАЛАСЫНЫҢ ІШКІ ІСТЕР БАСҚАРМАСЫНЫҢ ШЫҒЫС ПОЛИЦИЯ БӨЛІМІНІҢ ЖПҚ БАСШЫЛАРЫ СТУДЕНТТІК «АРЫСТАН» ОТРЯДЫМЕН КЕЗДЕСУ ӨТКІЗДІ

[жариялау күні: 14.10.2017, 11:38:27, жариялауды: Әкімшілік]

IMG_6686Студенттік отрядтар және Жергілікті полиция қызметі арасындағы өзара қарым-қатынасты жақсарту мақсатында Қарағанды облысының ІІД Жергілікті полиция қызметінің және Теміртау қ. ІІБ Шығыс бөлімінің ЖПҚ басшылары 13 қазан күні Қарағанды мемлекеттік индустриялық университетінің студенттерімен кездесу ұйымдастырды.

Осы кездесудің негізгі мақсаты университеттегі студенттік «Арыстан» отрядының жұмысын насихаттау.

Осындай жұмысшы кездесулердің негізгі міндеттері полиция қызметімен бірге осындай студенттік отрядтар жұмысының озық тәжірибелерін жандандыру, студенттік отрядтардың дәстүрлерін қолдау және насихаттау, құқық бұзушылыққа қарсы жүзеге асырылатын іс-шалаларға студенттік отрядтар мүшелерін тарту, олардың қызметі жайлы жергілікті бұқаралық-ақпараттық құралдарда насихаттау, Қарағанды облысының ІІБ арналған кадрлар қорын қалыптастыру, сонымен бірге полиция қызметкерлерінің мәртебесін көтеру.

Отряд студенттері өздерінің полиция қызметімен бірге оқу корпустарында, жатақханада және жақын территория маңында  қоғамдық тәртіпті қамтамасыз етуге бағытталған атқарылған жұмыстар жайлы айтты.

IMG_6691Сонымен бірге құқықты және қауіпсіздікті қамтамасыз етумен бірге студенттерге түсіндіру жұмыстары өткізіледі, таныстыру материалдары таратылады. Осы жұмыстардың барлығы Теміртау қаласының ІІБ әкімшілік полиция қызметімен бірге орындалады.

Кездесу соңында полиция қызметкерлері студенттік отряд мүшелерін және студенттерді қоғамдық тәртіпті сақтау және қамтамасыз ету жұмыстарына белсене қатысқандары үшін  және Қарағанды мемлекеттік индустриялық университетінің басшыларына көрсетілген қолдаудары үшін алғыстарын білдірді.

Кездесудің жұмысшы бөлігінің соңында жоғарыда аталған қызмет өкілдеріне студенттер өздеріне қатысты сұрақтар қойып толық жауап алды, осы сұрақтардың бірқатары қоғамдық тәртіпті сақтау, ІІБ, ІІД, ЖПҚ қалай жұмысқа орналасуға болады деген сұрақтар болды. Осындай кездесулер әрі қарай да әрбір тоқсанда өткізіледі деп ұйғарылды.

 

Қарағанды мемлекеттік индустриялық университетінің

Баспасөз қызметі

14.10.2017, 11:38:27, Әкімшілік Тараулар: Жаңалықтар