“Осыдан жарты ғасыр бұрын, кезінде жоғары техникалық оқу орны атанған осы университетті бітіріп, өндіріске жолдама алған түлектердің қатарында өзімнің де болғанымды мен әрдәйым зор мақтаныш сезіммен еске алып жүремін.”

Н. Ә. Назарбаев

Ректордың блогы

Қарағанды мемлекеттік индустриялық университеті – тау-кен және металлургия саласына арналған жоғары білікті кадрлард...

Толығырақ »

Жаңалықтар

Архив

Конференциялар

Архив

Болашақ өсуге арналған стипендия

[жариялау күні: 29.03.2016, 23:23:09, жариялауды: Әкімшілік]

Евгений Панин: «Лучшее вложение – это вложение в самого себя»

Қарағанды мемлекеттік индустриалды университетінің оқытушылары мен студенттері әр түрлі деңгейдегі байқауларға жиі қатысады. Үстіміздегі жылы «Металдарды қысыммен өңдеу» кафедрасының доценті, т.ғ.к. Сергей Лежнев ҚР Білім және ғылым министрлігінің бұйрығына сәйкес мамандар мен ғалымдарға арналған, ғылым мен техниканың дамуына үлес қосқан ғалым ретінде мемлекеттік ғылыми стипендияға ие болды. Оның шәкірті, сол кафедраның аға оқытушысы Евгениий Панинге талантты жас ғалымның мемлекеттік ғылыми стипендиясы тағайындалды.

Мемлекеттік ғылыми стипендия жыл сайын ғылым мен техниканың дамуына үлес қосқан 50-ден астам ғалымдар мен мамандарға (жас ерекшелігіне қарамастан) табысталады. Оны жасы 35-тегі ғылым мен техниканың әр түрлі саласындағы 25 жас ғалым да алды. Ол үшін байқау комиссиясының алдына ғылыми еңбектер мен конференция тезистерін, оқу-әдістемелік материалдар, патент, жақын және алыс шет елдерде рейтингтік журналдарда жарық көрген мақалалар (ағылшын тілінде жарық көрген) жинағын ұсынасыз.

  • Біз ғылыми стипендияға ие болған оқытушылармызды мақтан тұтамыз, – дейді Қарағанды мемлекеттік индустриалды университетінің оқу ісі жөніндегі проректоры Гүлнар Жақсыбаева. – Евгений Панин біздің мамандарымыздың өсіп келе жатқандығын көрсетеді: ол біздің оқу орнын аяқтап, осында жұмыс жасауға қалды, үнемі ғылыми зерттеулер жүргізіп келеді. Біздің университет ғылымға қызығушылық танытқандарға, идеясы мен шығармашылық қабілеті барларға өсуге мүмкіндік береді.

Байқау комиссиясы стипендияны тағайындауда жалпы ғылыми жұмыстардың соңғы 5 жылдағы жетістіктерін есептейді. 32 жастағы Евгений Панин бірнеше жобамен жұмыс жасауда. Қазіргі уақытта өзінің магистрлік диссертациясымен жұмыс жасауда, оны болашақта докторлық диссертацияға айналдыруды жоспарлап отыр. Ол қара және түсті металдар мен қорытпаларды дайындаудың сапалы ұзаққа жоспарланған қорын алуға негізделген аралас технологиямен жұмыс жасауда.

-Бұл технология машинақұрылысы кәсіпорындары өнімдерінің түрлі сорттарын арттыруды және ұзақ мерзімді өнімдерді алуды (қазір бұл мүмкін), сондай-ақ үдерісөндірісін бірден көтеруге, технологияның үздіксіз жұмыс жасауына мүмкіндік жасайды, – дейді Евгений Панин. – Мұндай жағдайда құрыштың кейбір маркілерінде кәдімге құрыштан қымбат тұратын физикалық және механикалық қасиеттер пайда болады. Мұның экономикалық тиімділігі өте жоғары.

Бұл жобамен Панин өзінің жетекшілерімен бірге 10 жылдың көлемінде жұмыс жүргізіп келеді. Теориялық зерттеулер, модельдеу, зертханалық жұмыстар толық жүргізілді. Қазір университетте тәжірибелік-өндірістік қондырғылар жинақталауда.

-Біз микроқұрылымдардың формасы бұзылған үлгілерін, қаттылығын және тағы басқаларын зерттейміз, – дейді Евгений.  Бірақ бұл тек тәжірибелік жұмыстан кейін жүреді. Жоспар бойынша технологияны 1 жыл көлемінде сынауымыз керек. Сонон соң оны өндіріске енгізуге арналған технологиялық құжаттарды жинаймыз.

Жоғары сапалы бөлшектерді дайындауға кез келген машина құрылысымен айналысатын  өндіріс орындары қызығушылық танытады. Оған қымбат өнімдерді сатып алудың қажеттігі жоқ, теміртаулық бұл өнім әлдеқайда арзан болады.

Евгений стипендиясын болашақта атқаратын ғылыми жұмыстарына салады. Ең жақсы қор – өзіңе салған қор –дейді ол. Экспериментке арналған үлгілерді сатып алу қажет, журналдарда мақала жариялап, біліктілікті арттыру курсынан өтіп, конференциялар мен вебинарларға (олар соңғы уақытта өте танымал) қатысу қажет. Яғни, өсу жалғасуда.

Евгений Паниннің жұмысының басым көпшілігі компьютерлік модельге арналған.

  • Физикалық экспериментті түгел ауыстыруға болмайды, бірақ құрылғы сынып, өнімдердің жарамсыздығы секілді сәтсіз сынаулардың санын қысқартуға болады – дейді ол. Бұл жағдайда техүдерістің тиімділігі артады, эксперимент сәтті шығады.

Қазақстандық жас ғалым мемлект тарапынан қаржыландырылатын түрлі тақырыптағы жұмыстардың да орындаушысы. Солардың бірі –  «Разработка новых математических принципов расчета удельного давления при горячей прокатке тонких листов». Тақырып Липецк мемлекеттік техникалық университетімен халықаралық қызметтестік аясында жүргізілуде.

ҚМИУ баспасөз орталығы