“Осыдан жарты ғасыр бұрын, кезінде жоғары техникалық оқу орны атанған осы университетті бітіріп, өндіріске жолдама алған түлектердің қатарында өзімнің де болғанымды мен әрдәйым зор мақтаныш сезіммен еске алып жүремін.”

Н. Ә. Назарбаев

Ректордың блогы

Қарағанды мемлекеттік индустриялық университеті – тау-кен және металлургия саласына арналған жоғары білікті кадрлард...

Толығырақ »

Жаңалықтар

Архив

Конференциялар

Архив

Халықаралық ғылыми-тәжірибелік конференция «Қайым Мұхамедханов және қазақ әдебиетінің өзекті мәселелері»

[жариялау күні: 02.02.2016, 09:47:51, жариялауды: Әкімшілік]

Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігі

      Семей қаласының Шәкәрім атындағы мемлекеттік университеті

 Құрметті әріптестер!

 Семей қаласының Шәкәрім атындағы мемлекеттік университеті 2016 жылдың 8-9 сәуірінде әдебиет зерттеушісі, абайтанушы, ақын Қайым Мұхамедхановтың туғанына 100 жыл толуына орай өтетін «Қайым Мұхамедханов және қазақ әдебиетінің өзекті мәселелері» Халықаралық ғылыми-тәжірибелік конференциясына қатысуға шақырады.

Конференция жұмысының негізгі бағыттары:

  • Қайым Мұхамедханов және абайтанудың даму бағыттары
  • Қайым Мұхамедханов және әдебиеттану мәселелері
  • ХХІ ғасырдағы білім беру жүйесі: дәстүр және инновация
  • Қоғамдық және гуманитарлық ғылымдардың маңызды аспектілері

Конференция қазақ, орыс, ағылшын тілдерінде өтеді.

Конференция материалдары жинақ ретінде жарияланады.

Конференцияға қатысушыларға арнайы сертификат беріледі.

Ақпараттық хат

02.02.2016, 09:47:51, Әкімшілік Тараулар: Конференции, Халықаралық